Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасында карантин жайлы позитивті бейнебаян жарық көрді

130

Димаштың ресми YouTube каналында карантинде қалған барлық адамзатты қолдау мақсатында позитивті бейнебаян жарияланды. Осынау қиын кезеңде қазақстандық танымал әншілер барша халықтың көңілін көтеруді көздесе керек. Сонымен қатар, егер бір болсақ, күш болатынымзды, біріксек, міндетті түрде кез келген кеселді жеңетінімізді еске салғысы келген.

Карантиин туралы ән жазу идеясы Қазақстан Республикасы мәдениет министрі Ақтоты Райымқұловаға тиесілі. Бұл туралы министр сазгер-әрлеуші Хамит Шанғалиев пен Эльмира Ахмедияроваға айтып көрген. Сазгерге идея бірден ұнаса керек, бірден жүзеге асыруға кірісіп кетті.

Ән мәтіні қазақ және орыс тілдерінде жазылу керек деп шешілген. Қазақ тіліндегі мәтіннің авторы Сержан Бақытжан, ал орысшасын Джордан Аракелян жазып шықты. Нәтижесінде позитивті әрі көңілді лирикаға толы ән дүниеге келді.

Әнін жазып шыққан Хамит Шангалиев әрлеу жұмыстарына кірісіп кетті. Үй жағдайында клип түсіру жөнінде ол саундпродюсер және әрлеуші Ерлан Бекчуринмен, сонымен бірге, әріптестерімен байланысқа шығады. Әнді қазақстандық танымал әншілер Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, Хамит Шанғалиев, Әміре, Рүстем мен Мирас (ағайынды Жүгінісовтер), Auka, Ержан Максим, Мади Сыздыков және Джордан Аракелян орындап шықты.

Шағын жобаның ерекшелігі – артистер видеоны үйлерінде жазды, өздері режиссер болды. Джордан Аракелян клипке қызықты идеялар айтты.

Жоба аясында барлық жұмыс позитивті түрде өтті. Әрбір қатысушы бейнебаянның түсірілуіне өз үлестерін қосып жатты. Барлық видео түсірілген соң, монтаждау жұмыстары басталды. Онымен клип түсіруде мол тәжірибесі бар Ерлан Бекчурин айналысты.

Клипте, сонымен қатар, Джордан Аракелян салған суреттер, шағын анимациялар қолданылды.

Жобаны жүзеге асырғандар:

Әні: Хамит Шангалиев
Сөзі: Сержан Бақытжан, Джордан Аракелян
Әрлеу/жалғау: Хамит Шангалиев

Ән салғандар: Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, Хамит Шанғалиев, Джордан Аракелян, Әміре, Auka, Рүстем пен Мирас (ағайынды Жүгінісовтер) Ержан Максим, Ерлан Бекчурин, Мади Сыздыков

Идея авторлары: Ақтоты Райымқұлова, Эльмира Ахмедьярова, Хамит Шанғалиев
Продюсер: Хамит Шанғалиев
Режиссёр: әр әртіс өзіне режиссёр
Креативті продюсер/анимация: Джордан Аракелян
Монтаж режиссёрі: Ерлан Бекчурин