ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

Dimash World Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

2026 жылдың 11 сәуірінде Қытайдың Макао қаласындағы Venetian Macao Arena алаңында «2026 Weibo Gala 微博文化交流之夜» атты салтанатты кештің ашылуында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар басқосты. Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген кештің музыкалық бағдарламасына қатысты.

Фестивальдің Қызыл кілемінде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Димаш Құдайберген Макаоның «МайМай» тұмарымен бірге мәдениет пен туризм арасындағы байланысты бейнелейтін көркем көрініс қалыптастырды.

Қытайлық тыңдармандарға деген сағынышын жеткізген қазақстандық әртіс кеш қонақтарын ілтипатпен қарсы алып, Макаоның сөзбен жеткізе алмайтын ерекше сұлулығын атап өтті.

Фестивальдің қорытынды бөлімінде өнер көрсеткен Димаш өзінің авторлық «Fire» композициясын ағылшын тілінде орындап қана қоймай, қазақ тілінде рэп бөлігін орындап кештің сахнасын жарқырата түсті.

Макаода Димаш продюсер ретінде алғашқы марапатына ие болды – оған Weibo Macau China тарапынан «Халықаралық мәдени алмасуға қосқан жылдық үлесі үшін» сыйлығы табысталды.

Макаода өткен «Weibo Cultural Exchange Night 2026» сахнасында жұлдыздар шұғыласы мен өркениеттер үндестігі тоғысты. Тау мен теңіз түйіскен, Інжу өзенінің жағалауында орналасқан бұл мекенде мәдени симфониялық жаңа кезеңнің басталғанын айқындады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Кудайберген Қытайда продюсер ретінде алғашқы марапатын алды

2026 жылдың 11 сәуірінде Қытайдың Макао қаласындағы Venetian Macao Arena алаңында «2026 Weibo Gala 微博文化交流之夜» атты салтанатты кештің ашылуында...

Бәйтерек жанындағы қойылымдар: Қазақстан астанасы Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon шоуын қарсы алды

Астана – болашақтың қаласы, әлемдегі ең жас астаналардың бірі. 2026 жылғы 9 сәуірде елорда Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon...

Қазақстанда өткен Димаш Құдайбергеннің жаңа сұхбаты

Freedom Inside форумы аясында Димаш Құдайберген Tatler Kazakhstan бас редакторы Анара Кукиеваға сұхбат берді. Әңгіме басында алғашқы сұраққа жауап бере...

Димаш Кудайберген Freedom Inside форумына қатысты

2026 жылы 9 сәуірде Астанада алғаш рет Freedom Inside форумы өтті. Пікірталас алаңының жұмысына шақырылған амбассадор ретінде Қазақстанның Халық...

Бакир Тәжібаев: әндері халықтың үніне айналған ақын

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан өңірі, 2026 жылғы Наурыз айы. Республика алаңында көпшілікке кеңінен танымал «Ақбұлақ» әні шырқалуда. Аталған туындыны...