ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Абай романстарын алашқа таныту қажет

Абай романстарын алашқа таныту қажет

Әлем Абай романстарын алашқа таныту қажет

Абай романстарын алашқа таныту қажет

Қазақ ұлтының кемеңгер ақыны, ойшыл қаламгері Абай Құнанбайұлының өлеңдеріне жазылған романстар бар. Ал бұл жаңалық біреуге мәлім болғанымен, біреуге таңсық болуы мүмкін. Өйткені, музыкалық, шығармашылық ортада ғана белгілі ол шығармалар нотаға түсіріліп, Қазақстан Композиторлар одағында тіркелгенімен, осы күнге дейін үлкен сахналарда орындалмаған.

«Жарқ етпес қара көңілім» романсы «Абай жолы» шығармасындағы Абай мен Тоғжанның соңғы кездесуін көз алдымызға келтірді». Бұл – композитор Сыдық Мұхамеджановтың тырнақалды туындысына бұлбұл әнші Күләш Байсейітованың берген бағасы. Абайдың ішкі толғанысын дәлме-дәл суреттеген кең тынысты романс Ермек Серкебаевтың орындауымен музыка тарихынан ойып тұрып орын алған.

Десе де, ойшыл ақынның сыршыл сезімге толы лирикалық өлеңдеріне жазылған өзге де классикалық шығармалардың бар екенінен көпшілік бейхабар. Хакімнің өлеңіне жазылған белгілі композитор Әбілахат Еспаевтың «Мен сәлем жазамын…» романсын кәсіби музыканттар ғана білуі мүмкін. Нотасы түсірілген туындыны таза табиғи дауыста орындаған Абай атындағы опера және балет театрының солисі Болат Бөкенов: «Абайдың бұл романстары үлкен сахналарда орындалуы тиіс», деген пікірде.

Өкініштісі, осындай құнды дүниелер әзірге абайтанушылардың назарынан тыс қалып тұр. «Ұлы ақынның өлеңдерінде ән қандай болу қажеттігі жан-жақты жеткізілген. Ең басты айтатыны сол – Абайдың әні ойлы, есті болу керек. Яғни, Абайдың түсінігінде ән адамға ой салуы керек, ол терең мазмұнды болғаны жөн. Міне, осы орайда, егер Абай айтқан ән моделін, «құлақтан кіріп, бойды алатын» үздік ән үлгісін көбірек насихаттасақ, әрине біздің қоғамымыздың музыкаға деген көзқарасы басқаша болар ма еді?!», дейді Абайдың музыкасын зерттеуші Әлия Сабырова.

Енді композитор Мәкәлім Қойшыбаев жазған «Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа» атты Абайдың тағы бір романсына назар аударып көрелік. Бір қызығы, бұл шығарма туралы музыкатанушылар ешқандай тұщымды пікір білдірмеген. Ғаламторда да жарытымды мәлімет жоқ. Десе де, ақынның көбесі сөгілмеген мұраларының қатарын толықтырып тұрған бұл туынды ақынның 175 жылдық мерейтойында халқымен қауышса деген игі тілек бар кеудеде.

 

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...