ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әлем Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да береді. Сондай авторлардың бірі – Ақтөбелік жас қаламгер Әлихан Жақсылық. Әлихан шығармашылығы оның дүниеге деген ерекше көзқарасын танытып қана қоймай, оқырмандарды ойға шақырып, әрбір оқырманның өз жанын түсініп, тануына әсер етеді.

– Әлихан, шығармашылық жолыңыздың басталуы туралы айтып берсеңіз. Әдебиет әлеміне қалай келдіңіз?

– Жазушылық әлемнің есігі айқара ашылмастан бұрын маған  Жапон, Еуропа әдебиеті мен Латын Америка шығармалары ерекше шабыт сыйлады. 19 жасымда бірнеше әңгіме жазып көрдім, олардың көбісі фэнтези жанрында болды. Бірақ мен өткеннің ізімен емес, әдебиетке жаңалық әкелуге құштармын, тиісінше ізденісім де, жазуым да ерекше болғанын қалаймын.

Осындай шығармаларымның алғашқыларының бірі «Тамұқтағы жалғыздық» деп аталады. Бұл шығарма әдебиетшілер мен оқырмандарға ерекше ұнады. Шығармада жасандылыққа әбден еті үйреніп кеткен адамдардың көп ұзамай дене мүшелері де темірге айналып, өздері жартылай робот кейпіне еніп кетеді. Сыртқы бейнесі роботқа айналған кейіпкерлер бірте-бірте барлық адами сезімдерінен де айрылып қалады.

Сөйтіп, бос монохромды дүниеден шыға алмай тығырыққа тірелген адамзатқа әдебиет пен өнер көмекке келеді. Шығармадағы кейіпкер Моцарт пен Бетховеннің аңызға айналған туындыларын тыңдап, «Ренессанс» дәуіріндегі философтардың ойларын қайта оқи бастағанда оның сезімдері оянып, адами қалыпқа түседі. Сөйтіп, кейіпкер барша адамзатқа адами сезімдерін қайтару үшін жан-тәнімен күреседі.

– Ең алғаш жазған кітабыңыз туралы не айтасыз? Сол еңбекті жазу барысында қандай сезімдерді бастан өткердіңіз?

– Мен үшін менің алғашқы кітабымның орны әрдайым ерекше. «АЛТЫ ҚҰРЛЫҚ» деп аталатын бұл кітабымда бір аралға қамалып қалған Мексика, Австрия, Мысыр, Ұлыбритания және Камчаткадан келген 5 ғалым туралы баяндалады. Әңгімеде олар әр континенттің құндылықтарын талқылап, әлемдік проблемаларды көтеріп, халықаралық террористік ұйымдарды әшкерелеуге тырысады. Кейін мен бұл шығарманың менің көптеген оқырмандарыма ауыр болғанын білдім. Себебі, ғылыми терминдерді қолданып, тарихи фактілерге сілтемелерді көбірек жасаған болатынмын.

– Қай жанрда жазғанды көбірек ұнатасыз?

– Бұл сұрағыңызға жауап беру сәл қиындық тудырып тұр. Себебі, мен арнайы бір жанрды таңдап жазбаймын. Мен негізі, не жазғым келеді соны жазамын. Ал менің шығармаларымды талдау мен  жанрын анықтауды әдебиетшілер мен оқырмандарға қалдырамын.

Бірақ әдейі бір жанрды таңдап алып жазбағанның өзінде, маған қиялдаған және басқаша, ой кеңістіген шығып кетіп, шекараларды бұзып шығып жазған ерекше ұнайды. Ал енді, бұл жазу түріне қандай жанр атауын берсеңіз де еш қарсылығым жоқ.

– Ал, кітаптарыңыздағы басты кейіпкерлерге келер болсақ, олардың прототиптері бар ма?

– Кейіпкерлер біздің арамыздағы адамдар. Қарапайым ғалымдар, ешкімге зиян тигізгісі келмеймін оқырман және кішкентай адамдар. Маған қоғамдағы қайта қарауға тиісті құндылықтар мен жаңа құндылықтар төңірегінде жазған ұнайды. Ескі сүрлеуді, ескі стильдерді ұнатпаймын. Себебі әдебиет әрдайым жаңарып, өзгеріске түсіп отыру керек. Сондықтан мен кейбір кейіпкерлерімді қиялдан қосып, бірақ оларға тым эпикалық, пафостық және батырлық бағыттарды беруге тырыспаймын. Барынша шынайы шығаруға күш салып, типтік образ дегендерден қашық жүремін.

– Жақында жарық көрген кітабыңыз туралы айтып беріңізші. Жалпы кітап не туралы? Осы оқиға арқылы оқырмандарыңызға жеткізгіңіз келетін дүние бар ма?

– Жақында жарық көрген романым «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» деп аталады. Романда кейбір авторларды оқуға тиым салған қоғам баяндалады. Ол қоғамда кітап оқуға, кітапты сатып алуға және сыйлыққа беруге еш кедергі жоқ, тек оқығаныңызды талдау қылмыс болып саналады. Мұнда Карен Армстронг, Стивен Хокинг, Эрнст Гомбрих сынды авторлардың шығармаларына тыйым салынған. Яғни, мен романымда ескі мен жаңа құндылықтардың күресін көрсеткім келді. «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» кітабындағы әрбір кейіпкер жарқын болашаққа үміт арта отырып, өздері қалаған еркіндікке жету үшін қолдарынан келген нәрсенің бәрін жасайды.

Әрине романда айтқым келген, жеткізгім келген ой мен пікір өте көп. Бірақ, романды оқығаннан кейін әрбір оқырман өзіне керегін алады деп ойлаймын. Сондай-ақ кітапта адамзатты ашық айыптау, соғыс, геноцид сияқты және басқа да жаһандық тақырыптар қозғалады.

– Бұл еңбекті жазуға ұзақ уақыт пен көп күш жұмсалғаны көрініп тұр.  Жалпы жазу процесі қанша уақытқа созылды?

– Расымен, кітапқа бірнеше жыл материалдар жинастырып, көптеген әдебиеттерді қарадым. Ал жазудың өзіне жарты жылдай уақыт жұмсадым. Өзінің қиындықтары мен рақаты да болды.

– Жақын болашаққа қандай жоспарларыңыз бар? Жаңа кітап шығаруды жоспарлап жүрсіз бе?

– Қазір «Африкадан Аляскаға» деп аталатын жаңа романымды бастадым. Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Африкадан Аляскаға жаяу жолға шыққан марафоншылар туралы роман.  Саяхатшылар маршруты арқылы мен адамзат тарихы мен бүгінді және болашақты қатар алып отырамын. Негізгі ойдың бәрі сюжеттің, кейіпкерлердің іс әрекеттері арқылы беріліп отырады. Бұл романның қалай шығатыны, қандай қызықтар болатыны өзіме де белгісіз. Дәл қазір менде шығарманы жазу процессі жүріп жатыр.

– Соңында, түйіндей келе, жазушы болғысы келетін жандарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Жазушы болғысы келетіндерге айтарым, өзіңізден жасы үлкен автор екен деп сізді және сіздің шығармашылығыңызды түсінбестен түзеткісі келетін адамдарды тыңдамаңыз. Мынаны есіңізде мәңгі сақтап алыңыз: сіз – дара тұлғасыз және сіздің жүрегіңіздің түбіндегі жарық сәулені сізден басқа ешкім білмейді. Ескі құндылықтардан аулақ болыңыз және ең бастысы адамзаттық құндылықтарға бағыт алыңыз!

 

Соңғы жаңалықтар

K-pop-тан рэпке дейін: Димаш Құдайбергеннің «Living for the game» жаңа әні қалай дүниеге келді? Бұл туралы қосавторлар Кэндис Кэлли мен Дмитро Гордон айтып берді

2 сәуір күні Voice Beyond Horizon шоуы аясында Димаш өзінің авторлық «Living for the game» композициясын таныстырды. Жоба үшін...

Испанияда Димаш пен оның жанкүйерлері туралы деректі фильмнің премьерасы өтеді

Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері әншінің шығармашылығына және оның халықаралық аудиториясының феноменіне арналған деректі фильм түсіру жұмысын аяқтады. https://www.youtube.com/watch?v=Qx8zZqPjCb4 Жоба...

«Voice Beyond Horizon» жобасында «Living For The Game»: Димаш Құдайберген әнінің премьерасы, қолайсыз ауа райымен күрес және жаңа фавориттер

2 сәуір күні Алматы қаласында «Voice Beyond Horizon» шоуының кезекті шығарылымы өтті. Жаңа эпизодты дайындау үдерісі оңай болған жоқ...

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы барлық интернет-платформаларда 1,5 миллиардтан астам қаралым жинады

Екі ай бойы Димаш Құдайбергеннің продюсерлік жобасы – «Voice Beyond Horizon» әлемді аралап, жас вокалистердің талантын ашып, Қазақстанның бірегей...

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы алғаш рет Коста-Рика радиосында

30 наурыз күні Коста-Рикада алғаш рет ұлттық радиоэфирде қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің Screaming композициясы қойылды. Трансляция Extra Radio 92.3...