Басты бет Басты жаңалық Ақтаулық жас вокалист Baqytty Bala 2023 жеңімпазы атанды

Ақтаулық жас вокалист Baqytty Bala 2023 жеңімпазы атанды

Ақтөбеде Baqytty Bala балалар вокалдық байқауының мерейтойлық V маусымы аяқталды. Ақтаудан келген Айым Бекмұрат Гран-при мен 1 миллион теңге жүлденің иегері атанды.

2023 жылғы 16 тамызда «Өнер орталығы» концерт залында Baqytty Bala 2023 балалар вокалдық байқауының жабылу құрметіне Гала-концерт өтті. Салтанатты шарада конкурстың көптен күткен нәтижелері жарияланды.

Димаш Құдайберген фан клубы мен Ақтөбе облысы әкімдігінің 100 мың теңге арнайы сыйлық алған дипломанттар:

Куанжанова Малика (Талғар қ, Қазақстан)
Кусанова Нуршат (Атырау қ, Қазақстан)
Амангельдиева Дильназ (Ақтөбе, Қазақстан)
Ермагамбет Абай (Қызылорда, Қазақстан)
Риана Багаудинова (Алматы, Қазақстан)
Дутбаев Алдияр (г. Жаңаөзен, Қазақстан)
Баймухамбетов Куаныш (Алматы, Қазақстан)

Kazakh Yuvelir зергерлік дүкенінен DQ алқасы мен 100 мың теңге жүлдені Петропавлдан келген Баскенова Дана алды.

Ақтөбелік финалист Латиф Саламат Aqtobe Dears-тен 100 мың теңге көлемінде арнайы сыйлық алды.

Ресейлік вокалист, Краснодар қаласынан Анастасия Калюжная және Татарстан, Қазаннан келген Виктория Косурова Рухия Байдукеновадан 100 мың теңге көлеміндегі арнайы жүлде иегерлері атанды.

III орын және 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық жеңіп алған қатысушылар:

Валерия Савчук (Эстония)
Аскеров Абай (Астана,Қазақстан)
Батаршина Евангелика (Маврикий Республикасы)

300 мың теңге жүлде алған II орын иегерлері:

Амантай Айганым (Астана, Қазақстан)
Айтен Алтынай (г. Көкшетау, Қазақстан)
Асылбек Аяужан (г. Өскемен, Қазақстан)

Бірінші орын мен 400 мың теңге жүлдені Астаналық Тілеумбетова Жасмин мен Испаниядан келген Люсия Касани жеңіп алды.

Фестивальдің бас жүлдесін, 1 млн. теңге көлеміндегі бас жүлдені Ақтаудан Айым Бекмұрат алды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Еуразиялық фан-клубының атынан барлық 20 қатысушы құлаққап алды.