Басты бет Dimash World Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Ақтөбедегі «Өнер орталығы» концерт залында Baqytty Bala V мерейтойлық балалар вокалдық байқауының аяқталуына орай Гала-концерт өтуде. Димаш Құдайберген жас вокалистерді құттықтап, оларға болашақта әлемдік сахналарда өнер көрсетулерін тіледі.

“Ассалаумағалейкум! Құрметті бауырлар, құрметті достар, құрметті «Бақытты бала» байқауының тұрақты тыңдармандары, көрермендері.
«Бақытты балаға» қатысып жатқан барлық бүлдіршіндерге шын көңілден үлкен рақмет айтқым келеді. Және де алдарындағы үлкен белестерді бағындырып, еліміздің атын күллі шартарапқа, күллі әлемге тарататын бүлдіршіндер өздеріңіздің араларыңызда бар екендігін айтқым келеді.
Байқаудың ұйымдастырылуында ерекше ат салысып жүрген қарындас-бауырларымызға, ағайындарымыздың бәріне рақмет айтқым келеді. Мен де қазір Лос-Анджелес қаласында болсам да, барлығын түбегейлі қарап, балаларымыздың жақсы өнер көрсетуіне тілектес болып отырмын. Алла қалласа, алдағыда үлкен-үлкен әлемдік сахналардан көріне беріңіздер деп айтқым келеді. Сәттілік.” – деп бөлісті өнер иесі өзінің видео үндеуінде.