Басты бет Dimash World «Аспан астындағы тағдыр» атты Димаштың жаңа бейнебаянының тизері көрермен назарына ұсынылды

«Аспан астындағы тағдыр» атты Димаштың жаңа бейнебаянының тизері көрермен назарына ұсынылды

24 қыркүйекте Алматы қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлермен фан-кездесуінде әлемдегі ең қымбат «Жалғыз аспан тарихы» бейнебаянының тұсаукесері өтеді.

Димаш Құдайбергеннің 12 минуттық туындысы адамзаттың бірлігіне арналған. Біз бәріміз нәсілге, ұлтқа және дінге бөлісеміз, бірақ біз бәріміз бір планетаның баласымыз және бір аспан астында өмір сүреміз. Өмір – бұл ең жоғары құндылық.

Бірде-бір қасиетті кітап адамдарды жауыздыққа, соғысқа шақырмайды. Ересектердің қателігі үшін балалар зардап шекпеуі керек. Осы себепті біз дүрдараздыққа жол бермей, достаса алуымыз қажет. Адамзат пен әлемнің ертеңі бүгінгі біздің қолымызда.
Біз – бір үйдің, бір мекеннің, бір аспанның перзентіміз.

24 қыркүйектен бастап Димаш Құдайбергеннің сюжеті бойынша түсірілген бейнебаянды тамашалай аласыздар.