Басты бет Dears Алматы қонақтарды қарсы алды: Dears Димаштың концертіне келуде

Алматы қонақтарды қарсы алды: Dears Димаштың концертіне келуде

22 қыркүйекте достық және жылы атмосферада Димаштың жанкүйерлерінің концерті өтті. Dears дәстүрлі кездесуі «Ариал» гольф-клубында өтті. Алматының ашық аспан астында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналды.

Бүгін Қазақстанның оңтүстік астанасында Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты шоуы өтеді.

Соңғы күндері әртістің мыңдаған жанкүйерлері Қазақстанға келді. Көбісі Қазақстан астанасынан және Димаштың туған қаласы Ақтөбе қаласынан өз саяхатын бастаған.

Жақын және алыс елдерден келген үлкен және кіші Dears компаниялары сүйікті әртістің өмірі мен шығармашылығына байланысты маңызды орындарға барды.

Алматы бұл күндері фан-клубтардың белгішелері мен футболкалардағы логотиптер бойынша бір-бірін танитын адамдарға толы болды.

Dears Көлсай өзені мен Шарын шатқалы сияқты туристік маршруттарда кездесіп, табиғат пен көрікті жерлерге қызығушылықтарын танытты, Димаш өзінің музыкалық бейнебаяндарын түсірген жерлерді аралады.

Концерт қарсаңында 22 қыркүйекте Димаштың жанкүйерлері препатиге жиналды. Dears дәстүрлі кездесуі «Ариал» гольф-клубында өтті. Алматының ашық аспан астында әлемнің 50 елінен жанкүйерлер жиналды.

«Димаш Құдайбергеннің көптен күткен концерті 23 қыркүйекте біздің сүйікті қаламызда өтетінін білген соң, біз, Алматы фан-клубы қабылдаушы тарап ретінде, өз алдымызға қала қонақтары үшін барлық бағыттарда ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуді маңызды міндет қойдық», – деп бөлісті Almaty DQ Dears фан – клубының өкілдері.

Dears өздерінің фан-клубтарын таныстырды, сыйлықтар, белгішелер, суретке түсіп кәдесыйлармен алмасты. Мереке қонақтары ұлттық кәдесыйлар, «DQ Scent of Music» парфюмерлік өнімдерін және «Димаш Құдайберген» коллекциясынан зергерлік бұйымдарды «Қазақювелирмен» бірлесіп сатып алды.

Қонақтарды алматылық фан-клубтан Димаштың жанкүйерлері қарсы алды. Шоу бағдарлама аясында live band «Prospect» өнер көрсетті, әнші Аружан Данышпан, «Голос дети» шоуының жеңімпазы Ерсұлтан, «Меццо» музыкалық квартеті өнер көрсетті.

«Blvck style» би тобы бірнеше әсерлі композициялар орындап, ерекше және көңілді билеген жанкүйерлер арасында баттл өткізді.

Мерекенің жүргізушілері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде конкурстар мен викториналар өткізді. Кеш қонақтары фотосуреттен елді, қаланы, стадионды және тіпті әншінің өнер көрсету күнін еш қатесіз анықтады.

Кешке Димаштың анасы Светлана Айтбаева мен Димаштың інісі Әбілмансұр қатысты. Светлана Ермекқызы ұлының жанкүйерлерін қазақ жерінде жылы қарсы алды:

«Сіздердің әрқайсыңыз біздің жүрегімізде ерекше орын аласыздар, біздің отбасымыз үшін сіздер – жақын адамсыздар. Сіздер үшін Қазақстанның есігі әрдайым ашық. Димаш концертке дайындалуда, бірақ ол сіздердің осында екендеріңізді біледі және кездесуді асыға күтуде».

Мерекенің ерекше сәттері Димаш жанкүйерлерінің қойылымдары болды. Dears орындаған «Historia de un amor» Испан әні әсерлі әрі нәзік шырқалды, ал АҚШ-тан келген Dears үш дауыспен шырқаған «Дайдидау» барлық қатысушыларды елең еткізді. Димаштың анасы барлық жанкүйерлерінің сүйікті әнін ерекше ықыласпен орындағанын атап өтті.

Көптен күткен концерт бүгін Орталық стадионда өтеді. Концерттің басталуы 20.00.

Билеттерді Ticketon.kz веб-сайттан таба аласыз.