Басты бет Dimash World «Space Machine ADEM» Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетеді

«Space Machine ADEM» Димаш Құдайбергеннің концертінде өнер көрсетеді

Бүгін Димаштың «Stranger» концертіне «Space Machine ADEM» би ұжымы қатысады. Эрлан Абдрахманов, Эрлан Кокумбев, Эрлан Жанышбек уулу және Никита Гербер Димашпен бірге нөмірде «Дурдараз» әнін орындайтын болады.

Қазір Қырғызстаннан келген өнерлі балалар американдық жобаларда жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Топ мүшелері Алматыдағы 30 мыңдық стадионда өтетін Димаштың мансабындағы ең ауқымды жоба – концертіне қатысатындарына қуанышты.

Балалар Димашпен 2019 жылы «America Got Talant» байқауына қатысқан кезде танысқан. Осы жылдың көктемінде Димаш ұжым мүшелерімен байланысқа шығып, бірлескен жұмыс туралы келісті. Бүгін этникалық стильде арнайы дайындалған нөмір халықтар достығын және тарих берген барлық ұлттық ресурстарды көрсетеді.