Басты бет Dimash World Атақты бразилиялық әнші Димашпен бірге ән айтуға ниет білдірді

Атақты бразилиялық әнші Димашпен бірге ән айтуға ниет білдірді

Өзінің инстаграм парақшасында Димаштың бейнежазбасын жариялаған Паула Фернандес Бразилиялық Extra басылымына қазақстандық орындаушының шығармашылығын өзіне қалай ашқаны туралы айтып берді.

Бразилиялық әнші Паула Фернандес 11 сәуірде Димаш Құдайбергеннің 2018 жылы «Славян базары» фестивалінің сахнасында орындаған «S. O. S» әнінің бейнежазбасымен бөлісіп, әншінің жанкүйерлерін таң қалдырды. Жазба әлеуметтік желілерде тез таралып, жүздеген репосттар мен мыңдаған лүпіл жинады. Пауланың инстаграмдағы посты 70 мыңнан астам қаралым жинаған еді.

Паула Фернандес Бразилиялық Extra басылымына Димаштың бейнежазбасын оған досының жібергенін айтқан болатын.

«Димаштың өнерін тамашалай бастаған сәттен мен қозғалмастан, бір демде көріп шықтым. Димаштың бойында мен орындаушыларда бағалайтын барлық нәрсе бар: диапазон, жоғарғы әдемі нота, вокалды кәсіби шеберлік және өзіне ғана тән ерекше дауыс. Мен ешқашан бұндайды естіген де көрген де емеспін. Мен оның өнерін жанды тамашалап, оған орынымнан тұрып қол соғып, құттықтағым келеді. Мен онымен болашақта ән айтсам, бұл керемет болар еді. Димаш – керемет! Мен тіпті оны өзге ғаламшарлық деп қалжыңдадым.»

Паула өзінің әлеуметтік желілерінде бөліскен бейнежазба – ең танымал бейнежазбалардың бірі. Тіпті ол Димаштың ресми YouTube-каналында 11 миллионнан астам қаралым жинаған.

Паула Фернандестің жазбасы Бразилиядағы әншінің фан-клубына үлкен сый болды. Қазір бұл елдегі Dears өзінің туған күнін тойлауға белсенді дайындалуда. Өкінішке орай, коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты іс-шараны офлайн режимінде өткізу мүмкіндігі болмағандықтан, ол виртуалды болады.

Dears мереке кезінде қайырымдылық акциясын жүзеге асыруды жоспарлауда: Димаштың ресми өнімі – DQ Perfume және әншінің қолтаңбасы бар шай. Жиналған қаражат пандемия кезінде зардап шеккен Бразилиялық отбасыларға беріледі.