Басты бет Dears Аты аңызға айналған Перулік Ева Айллон – Димаш туралы

Аты аңызға айналған Перулік Ева Айллон – Димаш туралы

Перудегі Димаштың фан-клубы қазақстандық орындаушының жанкүйері болып табылатын танымал Перу әншісі Ева Айллонмен болған бейне-сұхбатты назарларыңызға ұсынады.

Ева Айллонды дәстүрлі Перу музыкасының белгісі деп атайды. Ева сүйікті әжесінің қолдауымен әншілік жолындағы мансабын жас кезінен бастағандықтан, әжесінің құрметіне сахналық есімін Ева атайды.
Балалық шағынан және жасөспірім кезінен ол әрдайым мектептегі іс-шараларда, содан кейін теледидар мен радиода өнер көрсетті.

Сахнада 50 жыл бойы өнер көрсеткен Ева – афро-перу музыкасының ең үлкен символдарының бірі болып саналады. Әншінің терең дауысы мен керемет харизмасы тыңдаушыларының жүрегіне жол табуына мүмкіндік береді.

2019 жылы ол Latin Grammy Lifetime Achievement Award – музыка индустриясына қосқан ерекше үлесі үшін «Латын Грэмми» құрметті марапатын алды.

2019 жылдың желтоқсанында Перудің дивасы Нью-Йорктегі Димаш концертінде бой көрсеткеннен кейін оның қазақстандық әншінің жанкүйері екені анықталды.

«Arnau Tour Envoy»-дан бір жыл өткен соң «FC Dimash Kudaibergen Peru World» фан-клубы Ева Айллоннан сұхбат алған болатын. Әнші өзінің тәжірибесімен бөлісіп және Димашпен кездесу кезінде бастан кешкен сезімдері туралы үлкен ықыласпен әңгімелеп берді.

«Біз перуліктер ретінде өз қатарымызда Ева Айллон сияқты Dear бар екеніне өте қуанамыз. Ол радиодағы немесе теледидардағы сұхбаттарында, Димаш туралы айтатын мүмкіндігін ешқашан жіберіп алмайды. Оның арқасында күн сайын Перу мен Латын Америкасындағы адамдар біздің сүйікті орындаушымыздың шығармашылығы туралы көбірек біледі», – деп бөлісті «FC Dimash Kudaibergen Peru World» – тегі Dears.

Dimash Kudaibergen Peru World:

Twitter:
https://twitter.com/dk_peruworld?s=09
Instagram:
https://instagram.com/dimashkudaibergen.peru.world?igshid=1qlpxubvc5b63
Facebook page:
https://www.facebook.com/dimashkudaibergenperuworld/
DKPERÚ WORLD Group:
https://www.facebook.com/groups/1400692733473589
DKPERU WORLD YouTube:
https://www.youtube.com/channel/UCH94bDJm1fTIgDatGnAdqSg?view_as=subscribe