Басты бет Dears Чех телевизиясында «Golden» бейнебаяны

Чех телевизиясында «Golden» бейнебаяны

Чехияның алғашқы музыкалық телеарнасында Димаштың жаңа бейнебаяны көрсетілді.

2002 жылдың 1 қазанында Чехияның ең алғашқы Музыкалық «ÓČKO» («Óchko») телеарнасы хабар таратуды бастады. Арна телебағдарламасының негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнебаяндары құрайды. Сондай-ақ, арнада концерттер мен ән тізбелері көрсетіледі.

Жақында «Новости» бағдарламасында Димаштың «Golden» әніне арналған бейнебаяны көрсетілді.

Танымал телеарнадағы трансляцияға Димаштың Чехиядағы «Dimash Kudaibergen CZECH FANS» фан-клубы қол жеткізді. Бұл қатысушылардың БАҚ-пен жұмысындағы жалғыз жетістігі емес.

2019 жылдың 1 қазанында Чех фан-клубының сұрауы бойынша Димаштың әні «RUBI» радиостанциясында көрсетілді.

«RUBI» радиосы 1991 жылы Чехословакия аумағында алғашқы жеке радиостанция ретінде лицензияланған. Бүгінгі таңда оның эфирінің негізін мұқият таңдалған әлемдік және отандық хиттер құрайды.

Димаштың чехиялық «Dimash Kudaibergen CZECH FANS» фан-клубы 2018 жылдың 20 қыркүйегінде құрылды. Оның негізін қалаушы бірнеше ай бұрын коронавирустық инфекциядан көз жұмған Алла (Бара) Михалкова.

Фан-клубтың Фейсбуктегі ресми парақшасында – 700 белсенді, ал Инстаграмда – 18 мың жазылушы бар.

Өткен жылы фан-клуб Димаштың 2020 жылдың 25 наурызында Прагада өтуі тиіс концертіне белсенді дайындалды. Чехиялық Dears Қазақстан елшілігімен, Tarlan қауымдастығымен және Мост қаласының музыка мектебімен бірлесіп дәстүрлі pre-party дайындауды бастады, алайда коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты концерт тоқтатылды.

«Жақын арада Димаштың Чехиядағы концерті өтеді деп және біз әншіні сонымен қатар бүкіл әлемдегі Dears-ті елімізде қабылдай аламыз деген үміттеміз», – деп түсіндірді Чех фан-клубының әкімшісі Яромира Шебелова.