Басты бет Басты жаңалық Бала әр жүрек үшін қымбат

Бала әр жүрек үшін қымбат

«Өнер орталығы» ғимаратының алдында “Baqytty Bala” байқауының үш маусымы қатысушыларына фотогалерея қойылды. Ұйымдастырушылар осылайша байқауға қатысқан әр баланың қымбат екенін көрсетуді көздеген.

Ақтөбеде Димаш Құдайберген жетекшілік ететін “Baqytty Bala” балалар вокалдық байқауына қызу дайындық жүріп жатыр. Қаланың басты даңғылы бойында баннерлер, жалаушалар мен билбордтар орналастырылған. Ақтөбе фестивальдің жаңа қатысушыларын асыға күтуде.

Baqytty Bala-ның ең маңызды жетістіктерінің бірі-барлық қатысушылар бір-бірімен жақын араласып, шынайы достарға айналады. Алғашқы екі маусымның қатысушылары фестиваль туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, байқаудың ұнағаны соншалық қайта қатысқысы келетіндерін айтуда.

Baqytty Bala байқауының негізін қалағандар мен ұйымдастырушылар олардың ішкі сезімдерін жақсы түсінеді. Өйткені олар үшін әр бала қымбат және жүректеріне жақын. Олар «Өнер орталығы»сахнасында кім қандай өнерімен жарқырап шыққанын жақсы біледі.

Осыған байланысты ұйымдастырушылар конкурсқа қатысқан барлық балалардың фотосуреттері бар портрет галереясын ұйымдастыруды жөн көрді.

«Фестиваль алдында өткен маусымның финалистері:» бізге қатысуға бола ма? деп сауал қойып жатты. Өкінішке орай, талап бойынша болмайды. Бірақ сіздердің барлығыңыз біздің жадымыздасыздар, сіздерді жақсы көреміз, жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз, сондықтан бұл экспозиция сіздерге деген сүйіспеншілігіміздің бір дәлелі!»,- деді Baqytty Bala ресми Instagram аккаунтында.