Басты бет Dears Балалар бақытты болу үшін

Балалар бақытты болу үшін

Латвия мен Қазақстанда ерекше қолдауды қажет ететін балалар үшін бастамалар қалай жүргізілуде?

Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі мен Рига думасының мәдениет департаменті авторлары ерекше балалардың сурет көрмесін ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – қиындықтарға қарамастан, бұл балалардың мүмкіндіктері шексіз екенін көрсету.

Көрме Халықаралық балаларды қорғау күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Онда 60 баланың суреті ұсынылған. Бұл бастаманы Рига мэрі Мартынш Стакис мақұлдады.

Жас дарындардың жұмыстарын қазақстандық мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсететін «Аялған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры мен Латвияның мүмкіндігі шектеулі балалар қауымдастығы (LBAKT) ұсынды.

Рига думасының мәдениет департаментінің мәдениет және өнер орталығының жетекшісі Элина Грантина көрме туралы мынадай пікір айтты:

«Қазақстанның Латвиядағы Елшілігі мен Рига думасының мәдениет департаменті ғаламтор-алаңындағы әрбір суреттің қаралымы мүмкіндігі шектеулі балаларға сенімділік, мейірімділік және жақсылыққа деген сенім сезімін беретініне сенімді».

Көрме Рига думасының мәдениет департаментінің порталында 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін ашық.

Сондай-ақ, жақында Қазақстан Республикасының Латвиядағы Елшісі Тимур Пірімбетовпен Димаш Құдайбергеннің латвиялық фан-клубынан келген Dears болған кездесуде олар бір жылға жуық уақыт бойы қатысып келе жатқан «Батылдық қорабы» бағдарламасы аясындағы қайырымдылық қызметі туралы айтып берді.

Бұл бағдарлама көптеген жағдайларда өте ауыр болатын онкологиялық бөлімшелерде емделетін балаларға көмектесуге бағытталған.

Баланың ем-шараларға төтеп беруін жеңілдету үшін «Батылдық қорабы» ойлап табылды – оған ем алғаннан кейін балаларға арналған ойыншықтар мен тәттілер салынады.

Димаштың жанкүйерлері осы уақыт ішінде Рига балалар клиникалық ауруханасына осындай бірнеше қорапты тапсырды. Бұл бастаманы Қазақстанның фан-клубтары да қабылдады, осындай акцияның бастамашысы – Светлана Айтбаева. Өйткені, тіпті кішкентай ойыншық немесе рұқсат етілген тәттілер науқас баланы емдеуді жеңілдетуі мүмкін.