Басты бет Dears Dears Польшаның ірі ғаламтор-басылымына сұхбат берді

Dears Польшаның ірі ғаламтор-басылымына сұхбат берді

12 маусымда Польшалық Димаштың жанкүйерлері өз елінің ең ірі ғаламтор-басылымдарының бірі – Wirtualna Polska-ға сұхбат беруге шақырту алды. Әңгіме барысында Dears Димаш, Қазақстан және өз қызметтері туралы айтып берді.

Wirtualna Polska (WP) – 1995 жылы құрылған ең алғашқы поляк ақпараттық веб-порталы. Басылыммен жарияланатын жаңалықтар спектрі өте кең. Сайтта мәдениет, спорт, медицина, экономика және басқа тақырыптар бойынша жарияланымдар бар.

Басылымның журналисті Юстина Соколовская Димаштың поляк фан-клубының қазіргі уақытта Дубайда тұратын әкімшісі Моника Василевскамен танысқаннан кейін қызметіне қызығушылық танытты.

Бірде Моника өзінің Instagram-аккаунтында поляк журналистінің назарын аударған Араб Әмірліктеріндегі өмір туралы қызықты ақпаратты жариялады.

Моника Юстина Соколовскаяға «Woman» айдары үшін сұхбат берді, оның барысында ол Димаш Құдайберген шығармашылығының жанкүйері және оның фан-клубының мүшесі екенін атап өтті. Юстина бұл тақырыпқа қызығушылық танытып, Dears-ті олардың қызметтері туралы көбірек айтып беру үшін сұхбатқа шақырды.

Wirtualna Polska-ға берген сұхбатында фан-клуб мүшелері Моника Василевска, Тереза Какол және Мирелла Гливинская өздерінің өмір салтын қалай өзгерткендерін айтты. Әлемдік турлар мен түрлі әртістердің концерттеріне қатысып, олар жаңа таланттарды таба бастады.

Мирелла Гливинска Димаштың фан-клубын қалай құрғанын айтып берді, оның көмегімен өз елінде сүйікті әртістерінің шығармашылығын насихаттайды.

Dimash Kudaibergen FC Poland жұмыс істеген уақыттан бастап оның мүшелері көптеген қызықты іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізді. Сондай-ақ, «Radio Dimash» атты жеке радио құрылып, оның эфирінде қазақстандық әншінің шығармашылығы туралы ғана емес, оның туған елінің мәдениеті мен дәстүрлері туралы да айтылады.