Басты бет Басты жаңалық Baqytty Bala 2023 балалар вокалдық байқауының финалистері жарияланды

Baqytty Bala 2023 балалар вокалдық байқауының финалистері жарияланды

2023 жылғы 12-16 тамыз аралығында V «Baqytty Bala-2023» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы өтеді. Қазақстан, Ресей, Эстония, Испания және Маврикий Республикасынан 10-16 жас аралығындағы 20 жас талант Ақтөбе қаласының «Өнер орталығы» басты сахнасында байқаудың Гран – при иегері атануға өз бақтарын сынайды.

«Baqytty Bala» – Ақтөбе облысының брендіне айналған жыл сайынғы бірегей балалар жобасы. Байқау алғаш рет 2018 жылы облыс әкімі жариялаған «Балалар жылы» құрметіне өткізілді.

Бірінші жылы байқауға 420 бала өтінім берсе 2019 жылы олардың саны 500 – ден асты, 2021 жылы-180 болды.

Биыл байқауға Испания, Ұлыбритания, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Маврикий Республикасы, Молдова, Оңтүстік Корея, Болгария, Германия, Нидерланды және Қазақстанның барлық қалалары мен облыстарынан 250-ден астам жас вокалистер өтінім берді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша финалға ең үздік және мықты 20 орындаушы өтті.

Baqytty Bala 2021 финалистері:

Люсия Касани – Испания, Валенсия
Куаныш Баймухамбетов – Қазақстан, Алматы

Латиф Саламат – Қазақстан, Ақтөбе
Дана Баскенова – Қазақстан, Петропавл

Нуршат Кусанова – Қазақстан, Атырау
Айганым Амантай  – Қазақстан, Астана

Айым Бекмурат – Қазақстан, Ақтау
Анастасия Калюжная – Ресей, Краснодар

Алдияр Дутбаев – Қазақстан, Жаңаөзен
Еванжелика Батаршина – Маврикий Республикасы

Жасмин Тлеумбетова – Қазақстан, Астана
Виктория Косоурова – Ресей, Қазан

Абай Ермагамбет – Қазақстан, Қызылорда
Алтынай Айтен – Қазақстан, Көкшетау

Дильназ Амангельдиева – Қазақстан, Ақтөбе
Валерия Савчук – Эстония, Таллин

Абай Аскеров – Қазақстан, Астана
Малика Куанжанова – Қазақстан, Талғар

Риана Багаутдинова – Қазақстан, Алматы
Асылбек Аяужан – Қазақстан, Өскемен