Басты бет Dimash World Димаштың The Story of One Sky әні Чилидегі радиода шырқалды

Димаштың The Story of One Sky әні Чилидегі радиода шырқалды

27 маусымда Чилидегі Mix TV радиосында Димаш Құдайбергеннің The Story of One Sky композициясының толық нұсқасы шырқалды. Бұл танымал радиостанцияның эфирінде айтылатын қазақстандық әртістің 31-ші әні.

Димашқа арналған Чили радиосындағы алғашқы хабар 2023 жылдың 2 маусымында таратылды. Бұл Димаштың Dimash Latin Dears фан-клубының жанкүйерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Содан бері MIX TV-де қазақстандық орындаушының Be With Me, Give me your Love, Zhalyn, Screaming, Durdaraz, Golden, Stranger, Fly away, Across endless dimensions, Together, Samaltau, Omir, Omir Oter және т. б. композициялар орындалды.

«Біз MIX TV радиосына Димаштың шығармаларын насихаттағаны үшін өте ризамыз! Осы екі айда көптеген адамдар оның шығармашылығымен танысты. Бұл біздің одан да көп қажырлы жұмыс істеуге деген күшімізді арттырады!»,- деп бөлісті Dimash Latin Dears.