ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Baqytty Bala–2025» балалар вокал фестиваль-байқауының жеңімпаздары анықталды

«Baqytty Bala–2025» балалар вокал фестиваль-байқауының жеңімпаздары анықталды

Басты жаңалық «Baqytty Bala–2025» балалар вокал фестиваль-байқауының жеңімпаздары анықталды

«Baqytty Bala–2025» балалар вокал фестиваль-байқауының жеңімпаздары анықталды

2025 жылдың 23 тамызында Қазақстан, Ақтөбе қаласында «Өнер орталығы» концерт залында өткен Гала-концертте «Baqytty Bala–2025» VI ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері жарияланды.

Фестивальдің Гран-при және 1 миллион теңге жүлде иегері Минск (Беларусь) қатысушысы София Рустамова болды.

1 орын мен 700 мың теңге жүлде Ижевск (Ресей) қатысушысы Кирилл Усовқа берілді.

2-орын иегерлері Қазандық София Фадеева (Ресей) мен Алматылық (Қазақстан) Мирас Нағашыбай 500 мың теңгелік сыйлықтың иегері атанды.

3-орынды Өзбекстаннан келген қатысушы – Лайло Хафизова (Ташкент) және Қазақстаннан – Мөлдір Әбдірова (Ақтөбе) мен Нұршат Құсанова (Атырау) бөлісіп, 300 мың теңге жүлде алды.

Димаш Құдайбергеннің әлемнің 20 еліндегі «Dimash Dears» фан-клубтары атынан бес қатысушыға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Олар: Арсений Бардин (Можга, Ресей), Лев Смертин (Тирасполь, Молдова), Айару Қимағанбет (Ақтау, Қазақстан), Алина Аракелян (Саратов, Ресей), Мөлдір Базарбай (Орал, Қазақстан).

Үш қатысушы «Қазақювелирден» арнайы сыйлықтармен марапатталды. Керемет безендірулер: Сафина Самиева (Қара-Балта, Қырғызстан), Кәусар Медеркүл (Тараз, Қазақстан) және Амина Асгатоваға (Ақтау, Қазақстан) табысталды.

Қазақстандық қатысушыларға Әлихан Өтеген (Талдықорған), Азамат Орынғали (Ақтөбе), Әлихан Нұрлыбек (Астана), Абылай Нұрсұлтанға (Атырау) DQ брендінен естелік бұйымдар сыйға берілді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдерін жариялау, естелік сыйлықтар мен кәдесыйларды табыстау байқау финалының барлық қатысушыларының өнер көрсетуімен қатар жүрді. Сол кеште көрермендер «Tun Im Huireni», «Ерак илдə», «Қуанамын», «Jamaica»,  «S.O.S», «Əлия», «Құсни-Қорлан», «Lady marmalade», «Хай-хай», «Feeling good», «Айкол Манас», «Күлдір-күлдіркісінетіп», «Derniere Dance», «I have nothing», «Ama credi e vai», «Қазағым-ай», «A song for you», «С любимыми не расставайтесь», «Акрыляй» сынды әр түрлі тілде жазылған композицияларды тыңдау бақытына ие болды.

Гала-концерттің арнайы қонағы Қазақстандық танымал әртістер болды. Кешті қазылар алқасының мүшесі, «Славян базары-2025» халықаралық байқауының Гран-при иегері, Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның солисі (Талдықорған) Алмагүл Батталиева ашты.

Temirlan & Yernat дуэті Майкл Джексонның «They Don’t Care About U», Мансұр Құдайбергеннің пернетақтадағы «Together» атты төл туындысын ұсынса, домбырашылар триосы бірігіп «Alem» композициясын орындап, көрермендерді тәнті етті.

Гала-концерттің финалында «Baqytty Bala-2025» VI ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының Гран-при иегері Беларусь елінен келген София Рустамова Ерлан Көкеевтің «Сен» әнін қазақ тілінде акапелла орындады.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...