Басты бет Dimash World Бірнеше сағаттан соң басталатын концертке үш жүзден астам көрермен жиналып үлгерді

Бірнеше сағаттан соң басталатын концертке үш жүзден астам көрермен жиналып үлгерді

Димаштың командасы концерт өтетін Barclays Center-ге келді. Дәл қазіргі таңда әртістер санаулы сағаттардан соң өтетін музыкалық кешке дайындық үстінде, деп хабарлайды dimashnews.com тілшісі. Barclays Center аренасының есігінің алдында жанкүйерлер қарасы жиілеуде. Әр сағат сайын олардың саны артып келеді. Концертке бірнеше сағат қалғанына қарамастан, үш жүзден астам көрермен жиналып үлгерген.

www.dimashnews.com

Алдыңғы есіктің жанкүйерлерге арналған ішкі тәртібі бар. Олар кезекке тұрып, қолдарына сандарды тартады. Осы сандарға сәйкес жанкүйерлер аймағынан орындар бөлінетін болады. Бостондық Арманд бірінші болып Нью-Йорк уақытымен таңғы сағат 3-те ағаларымен бірге келген. Қолдарында сандары бар: 1,2,3… Жігіттердің қуаныштары жүздерінен байқалады және қолдарындағы сандарын рахаттана көрсетеді. Жанкүйерлер бекіткен ережеге сәйкес, ағайындылар бірінші болып фанаттар аймағына кіріп, әншімен байланыса алады.

www.dimashnews.com

Арманд 19 жаста екен, ол Димаш туралы алғаш рет бір жыл бұрын білген. Бүгін ол Димашты жүзбе-жүз бірінші рет тыңдамақ. Ол фанаттар залына кезекпен жақындауды жанкүйерлердің әлеуметтік желідегі чатынан үйреніпті.

www.dimashnews.com

Бурятиядан келген Валентина да таңертеңгі сағат 10.00-де келіп, 136 нөмірін алған. Ол әлеужеліден фанаттар парақшасын құрып, Димаштың шығармашылығын насихаттауды армандайды екен. «Бұл желі туралы мен Канададағы жанкүйерлерден білдім», дейді ол. Олар бұл жүйені Лондонда қолданыпты.

www.dimashnews.com

Қазіргі уақытта кезек 300-ден асты. Жалпы, фанзондағы жанкүйерлер саны 2000-нан асады.