Басты бет Dears Димашты қарсы алған фанаттарының арасында америкалық спорт жұлдызы да тұрды

Димашты қарсы алған фанаттарының арасында америкалық спорт жұлдызы да тұрды

Димаштың Қырғыз еліндегі жанкүйерлері кішігірім зерттеу жүргізіп, күні кеше Нью-Йорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда оны күтіп алған регбидің үлкен ойыншысының кім екенін анықтағандарын жазды Инстаграмдағы парақшасында. Ол Димашты соншалықты қуанышпен құшақ жая қарсы алып, оған регби добын сыйға тартқан. Есімі әлемдік спорт жұлдыздарының қатарында аталатын Русти Рассел – американдық регби командасының ойыншысы.

Димашты өте қатты жақсы көретін және сондай қарапайым спортшы аэропорттағы көпшілікпен бірге қазақстандық әншінің қолын алып, амандасу үшін келген.

youtube EarQGroup

Ең бастысы, Русти Рассел өзінің мақсатына жетіп, танымал жұлдызбен дидарласып, сыйлығын ұсынып үлгерді. Ал Димаш мұндай ерекше сыйлықты, өзін құшақ жая қарсы алған сол жанкүйерін ешқашан ұмытпайды деп сенеміз. Еске сала кетейік, кеше Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен келген 150-ге тарта жанкүйері Нью-Иорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдан гүл шоқтарымен күтіп алған болатын. Әртүрлі мемлекеттен жиналған көпшіліктің арасында жасы да, кәрісі де бар. Димашты қарсы алушылардың көпшілігінің қолдарында Қазақстанның көк туы желбірейді. Сонымен қатар сүйікті әншілерінің портреттік суреттерін де ұстап шыққандар кездеседі. Жанкүйерлері қазақстандық танымал әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық ұшудан кейін шаршаса да, Димаш оларға әдеттегідей алғыс айтып, бірге естелік үшін фотоға түсті.