Басты бет Dimash World Чилидегі ең көп тыңдалатын радиода Димаш туралы айтылуда

Чилидегі ең көп тыңдалатын радиода Димаш туралы айтылуда

Чилидегі ең танымал BioBio радиосында Димаш Құдайбергеннің шығармалары шырқалды. Чилидің ең беделді теле-радио журналисі саналатын жүргізуші Хулио Сезар Родригес бір апта бойы қалың көрерменге қазақстандық өнер иесі туралы айтып, әндерін ұсынды.


Бұл Димаштың Dears Dimash Chile Broadcasting team фан-клубының арқасында мүмкін болды, олар қазақстандық әртістің шығармашылығын өз елінің медиа кеңістігінде тарату бойынша көптеген кампаниялар өткізеді.

«Podría ser on Radio Bío Bío» («Бұл Био Био радиосында естілуі тиіс») радиобағдарламасы Чилидегі барлық радиостанциялардың ең үлкен аудиториясына ие. Бағдарлама жүргізушісі Хулио Сезар Родригес елдегі беделді медиа персонал болып саналады, оның шоулары әрдайым Чилиде ғана емес, көптеген басқа елдерде де көптеген көрермендер мен тыңдаушыларды жинайды.

Апта бойы, күн сайын Хулио Сезар Димаштың шығармашылығы және оның вокалдық диапазоны туралы айтты:

«Сіз әлемді жаулап алатын дауысты білесіз бе? Оның иесінің аты-Димаш Құдайберген. Ол-Қазақстандық әнші, композитор және мультиинструменталист, оның музыкасы мыңдаған адамды біріктірді. Димаштың Чилиде жанкүйерлері өте көп, сондықтан ол бір күні біздің елге келеді деген үміттеміз!”, – деді.