Басты бет Dimash World Димаштың «Eternal Memories» әні «Popular Movie Greater Bay Area Concert 2023» концертінде...

Димаштың «Eternal Memories» әні «Popular Movie Greater Bay Area Concert 2023» концертінде жаңаша орындалды

2023 жылдың 21 қазанында Макаода «Popular Movie Greater Bay Area Concert 2023» Гала-концерті өтті. 50-ден астам актерлер, әншілер мен музыканттар танымал фильмдердің музыкалық тақырыптарын жаңа заманауи интерпретацияда ұсыну үшін Galaxy Arena алаңына жиналды.

Димаш «Battle of Memories» фильмінің саундтрегі «Eternal Memories» әнін мүлде жаңаша орындады. Эмоцияларға толы, жарқын қойылым композицияны да, әртісті де жаңа қырынан танытты.

Димашқа арнап жазылған қытай тіліндегі алғашқы ән «Eternal Memories» 2017 жылдың 5 сәуірінде жарық көрді. Шығарылғаннан кейінгі бірінші күні ол Қытайдағы ең үздік iTunes QQ рейтингінде көш бастады. Композиция CCTV телеарнасының нұсқасы бойынша «Top Global Chinese Music» сыйлығында «Жыл әні» номинациясында Димашқа жеңіс әкелді.

Димаштың орындауындағы «Eternal Memories» әлемнің көптеген елдерінде шырқалды, композициясы мен лирикасы жағынан күрделі әнді тек Қытайда ғана емес, қазақстандық өнерпаздың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері де қосыла шырқады. Композиция көрерменді алғашқы аккордтардан бастап соңғы ноталарға дейін қуатты энергияда тербейді.