Басты бет Dears Dear-лар Baqytty Bala байқауында арнайы сый табыстады

Dear-лар Baqytty Bala байқауында арнайы сый табыстады

«Арманға қадам» – Димаш Құдайбергеннің әлемнің 50 еліндегі жанкүйерлері балалар байқауының қатысушыларын марапаттауды жөн көрген.

Dear-лар әншінің шығармашылығына ғана сүйсініп қоймай, оның атымен аталатын барлық жобаларға белсенді атсалысады. Димаш Құдайбергеннің өзі жетекшілік етіп, жүзеге асырған Baqytty Bala балалар байқауы да жанкүйердің қызығушылығын оятты.

Dears Baqytty Bala қатысушыларының өнерін бақылап, оларды конкурста қолдап,  жетістіктеріне қуанады. Балалар да сүйікті әншілерінің жанкүйерлері тарапынан мұндай ерекше ықыласқа разы.

Baqytty Bala байқауының ІІІ маусымының өтетіні белгілі болған кезде клуб мүшелері бір марапатты өз аттарынан табыстауды ойға алып, бір ауыздан шешім шығарды. Олар марапатын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр.

11 тамыз күні фестивальдің гала-концертінде 60 тан аса фан-клуб бірлестігі мен Dear-лар атынан «Арманға қадам» марапаты Ресейден келген Анна Глотоваға және Қазақстанның ең жас қатысушысы Алинур Хамзинге табысталды. Бұл 100 мың теңге көлеміндегі сертификат.

Анна Глотова, Baqytty Bala-2021
Алинур Хамзин, Baqytty Bala-2021
«Baqytty Bala фестиваліне қатысқан барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз. Бұл турнир олар үшін «арманға қадам» болсын деп тілейміз. Біз дарынды балалардың аянбай еңбек етуіне және олардың қатарынан Димаш сияқты талантты әншілердің өсіп-өнуіне қолдау көрсеткіміз келеді. Біздің қолдауымыз жас таланттарды жаңа шығармашылық шыңдарды бағындыруға шабыттандырса, біз де қуанамыз», – деп атап өтті Dear өкілдері.