Басты бет Dears Прагада Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған кеш өтті

Прагада Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған кеш өтті

7 тамыз күні Чехияның бас қаласында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Достық кемесі» атты кездесу болды.

Кездесу Қазақстан Елшілігінің және Қазақстанның Чехиядағы достары клубының қолдауымен ұйымдастырылды. Прагаға Чех Республикасының әр аймағы мен Словакия мен Германиядан қонақтар келді. Басым бөлігі Димаш Құдайбергеннің түрлі фан-клубтарынан келген.

Шараға белсенді қатысушыларға түрлі тосын сый мен сыйлықтар әзірленген. Қазақстан тарихы, географиясы, тілі мен дәстүріне қатысты викторина болып, қазақ музыкасының түрлі аспектілерін ұсынған бағдарлама да ұйымдастырылыпты.

Чехияда білім алып жүрген қазақстандық студенттерінің өнері қонақтарды қайран қалдырды. Қазақтың ұлттық биі мен домбыра үніне елімегендер жоқ. Қос ішектің үні жүректен кіріп, бойды алды.

Кездесу кеші Димаштың уындыларымен сүйемелденді.

«Чехиядан келген Dear-лар арқасында біз Қазақстанға деген шынайы құрмет пен сүйіспеншілікті көріп отырмыз. Жанкүйерлердің Димаш туралы қандай тебіреніспен айтқанын сөзбен жеткізу мүмкін емес! Біз Dear – ларға осы іс-шара үшін, біздің еліміз туралы жағымды пікір мен ықыласты көруге мүмкіндік жасағанына алғыс айтамыз», – деді Чехиядағы жоғары оқу орнын бітірген қазақстандық Меруерт.

Димаштың Чех фан-клубының мүшесі Ива, Қазақстанға деген ерекше сезімін былай жеткізді:

«Маған Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүргені ұнайды, олар сондай қызықты адамдар. Сонымен бірге мені Қазақстанның ұлттық дәстүрлері қатты таңғалдырады, қызықырады».

Жаңа танысық, жағымды қарым-қатынас, әдемі қазақ музыкасы және барша қонақтартың көтеріңкі көңіл-күйі шын мәнінде керемет мерекеге әр қоса түсті. Кездесуге қатысушылар еліміздің сұлулығы мен мәдениетінің байлығын өз көздерімен көру үшін Қазақстанға келуге ниет білдірді.