Басты бет Dears «Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Димаш Құдайбергеннің Dears деп аталатын жанкүйерлері шын мәнінде бір-біріне жанашыр үлкен отбасы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері түрлі акциялар ұйымдастырып, алдын ала жоспарланған іс-шаралар да өткізеді. Сондай-ақ, Dearsтың мүлдем күтпеген жағдайларда көмекке келетін кездері де ауыз толтырып айтарлықтай.

DimashNewsтың соңғы басылымдарының бірінде Латын Америкасындағы Димаштың жанкүйерлері Дэвис кубогында қазақстандық спортшыларды ерекше қошеметпен қолдағаны туралы мақала жарияланған болатын. Қазақстан мен Аргентина арасындағы кездесу өткен Росариоға спортшыларды Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының қызметкері Руслан Дәулетов алып барған болатын.

Мұнда Руслан 2023 жылы танысқан Dearsпен тағы да кездеседі. Бұл жылы кездесуде бір жыл бұрын Димаштың латынамерикалық жанкүйерлерінің қиын жағдайда қалған мүлдем бейтаныс адамға қалай көмектескенін еске алады.

Руслан өткен жылы конкурс кезінде қонақүйде оның барлық құжаттары салынған сөмкесінің ұрланғанын және сол себепті Қазақстанға қайтып орала алмағанын айтып берді. Уақытша төлқұжатпен Бразилия арқылы таңдалған рейспен ұшу мүмкін емес екені белгілі болған кезде, Dears Димаштың Бразилиялық жанкүйерлерімен байланысып, олар көмек қолын созып, соңында қажетті билетті сатып алу процесін тездеткен еді.

Сөйтіп, уақытша төлқұжатпен Бразилия арқылы рейспен ұшу мүмкін емес екенінен хабар алып, қиын жағдайда тұрған Руслан Дәулетовке, Dears бразилиялық жанкүйерлерімен байланысып, оңтайлы рейске билет алуға көмектеседі.

Сондай чилилік Dearsтың бірі Кармен Сандовал қазақстандық спортшыларды өз елінің туы мен Қазақстанның туы бейнеленген дәстүрлі киімдермен ерекше құрметпен күтіп алып, дүниежүзіне Қазақстанның өнері мен мәдениетін танытатын “Қазақстан, батыр халық» деген атаудағы куэканы (Cueca) дайындағаны туралы естеліктерімен бөлісті.

«Руслан Дәулетовктің тез арада уақытша төлқұжат алып, Қазақстанға аман-есен оралуына толассыз телефон қоңырауларынан кейін чилилік қазақ тілінің мұғалімі Марсиа Кастро мен Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің қызметкері Әнуар Темірдің көмегі зор болды. Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын», – деп Кармен ерекше толғаныспен сөзін аяқтады.

Руслан Дәулетов Dearsтың кең пейілдері мен ерекше қамқорлығынан алған әсерін жасыра алмай, Димаштың жанкүйерлері оған отбасындай болып кеткенін айтып, өз сезімімен бөлісті.