ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Dears Димашты Латын Америкасына мәдени жоба арқылы шақырады

Dears Димашты Латын Америкасына мәдени жоба арқылы шақырады

Dears Dears Димашты Латын Америкасына мәдени жоба арқылы шақырады

Dears Димашты Латын Америкасына мәдени жоба арқылы шақырады

Димаш Құдайбергеннің халықаралық жанкүйерлер тобы Dears International Group for Peace «Dimash in Latin America» жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты – Қазақстан мен Латын Америкасы арасында мәдени көпір құрып, сүйікті әртістерін өз континентіне шақыру.

Жобаның аясында әуелі бейнероликтер жарияланды. Онда әр ел өзінің пейзаждарын, туы мен дәстүрлерін әртістің музыкасына арнады. Бұл бастама жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударып, бұл туралы бірнеше радиостанцияларда айтылып, Мексикада телебағдарламалар шығаруға дайындалып жатыр.

Жақын арада жоба ауқымды мәдени науқанға айналады. Қалалар мен мәдени орталықтарда әртістің музыкасы Латын Америкасы билерімен, аспаздық дәстүрлермен және қолөнермен үйлесім табатын «Димаш және әлем мәдениеті» атты фестивальдер жоспарлануда. Сонымен қатар, «Образға айналған дауыс» атты көркемсурет көрмесі өтеді.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл іс-шараның негізгі мақсаты – Димашты Латын Америкасына шақыру ғана емес, елшіліктер, мәдени орталықтар және университеттермен ынтымақтастықты қамтитын бірегей мәдени алмасуды құру екенін атап көрсетті.

«Димаш әнді тек даусымен емес, ол жанын салып айтады. Ал Латын Америкасында оны бүкіл континент ерекше ықыласпен күтуде», – дейді бастама авторлары. Олар: «Димаш, Латын Америкасына кел! Сенің музыкаң біздің елге жайылып, осында өмір сүруін жалғастыруда», – деп соңғы манифестке ұқсайтын үндеуін жариялады.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...