ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Dimash World Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Димаш Baqytty Bala 2023 финалистеріне видео үндеу жазды

Ақтөбедегі «Өнер орталығы» концерт залында Baqytty Bala V мерейтойлық балалар вокалдық байқауының аяқталуына орай Гала-концерт өтуде. Димаш Құдайберген жас вокалистерді құттықтап, оларға болашақта әлемдік сахналарда өнер көрсетулерін тіледі.

“Ассалаумағалейкум! Құрметті бауырлар, құрметті достар, құрметті «Бақытты бала» байқауының тұрақты тыңдармандары, көрермендері.
«Бақытты балаға» қатысып жатқан барлық бүлдіршіндерге шын көңілден үлкен рақмет айтқым келеді. Және де алдарындағы үлкен белестерді бағындырып, еліміздің атын күллі шартарапқа, күллі әлемге тарататын бүлдіршіндер өздеріңіздің араларыңызда бар екендігін айтқым келеді.
Байқаудың ұйымдастырылуында ерекше ат салысып жүрген қарындас-бауырларымызға, ағайындарымыздың бәріне рақмет айтқым келеді. Мен де қазір Лос-Анджелес қаласында болсам да, барлығын түбегейлі қарап, балаларымыздың жақсы өнер көрсетуіне тілектес болып отырмын. Алла қалласа, алдағыда үлкен-үлкен әлемдік сахналардан көріне беріңіздер деп айтқым келеді. Сәттілік.” – деп бөлісті өнер иесі өзінің видео үндеуінде.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Қытайдағы «Golden Panda» премиясында өнер көрсетті

20 қыркүйекте Димаш Құдайберген Қытайдың Чэнду қаласында өткен "Golden Panda" сыйлығын марапаттау рәсіміне қатысты. Кештің финалында әйгілі қытайлық әнші...

Нью-Йорктегі Таймс-скверде алтыншы рет Димаштың бейнесі көрсетілді

Кезекті көрсетілім қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Таймс-сквердің ең үлкен және танымал LED экрандарының бірінде көрсетілді. Роликті әртістің Бразилиялық...

Қазақстандық сәнгерлер Нью-Йорктегі сән апталығында Американы бағындырды

9 қыркүйекте New York Fashion Week-те қазақстандық сәнгерлер Медина мен Нұрбіби Сақтағановтар өз коллекциясын көпшілікке көрсетті. Дизайнер Әлия Валерьевна...

Димаш пен Бурак Йетердің Weekend әні алғаш рет Литва радиостанциясында шырқалды

7 қыркүйекте Литваның танымал "MANO FM" радиосында Димаш Құдайберген мен Бурак Йетердің Weekend жаңа композициясының ротациясы басталды. Радиостанция эфирінде...

Ұлыбританияның ең танымал музыкалық басылымдарының бірі Димашты әлемдегі ең үздік дауыс деп атады

2023 жылдың 5 қыркүйегінде Ұлыбританияның әйгілі The Music Man интернет-порталында Димашқа арналған мақала жарияланды. «Димаш Құдайберген: әлемдегі ең үздік дауыс»...