Басты бет Басты жаңалық Димаш BIZ BIRGEMIZ қайырымдылық фестивалінде өнер көрсетеді

Димаш BIZ BIRGEMIZ қайырымдылық фестивалінде өнер көрсетеді

14 желтоқсанда Астанада Балалар жылы аясында “BIZ BIRGEMIZ” кең ауқымды қайырымдылық фестивалі өтеді. Билет сатудан түскен барлық қаражат церебральды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту орталығына медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Фестиваль сағат 19:00-де елордадағы «Барыс Арена» стадионында өтеді. Шарада барша көрермен Қазақстанның танымал әртістерімен қатар ерекше дарынды орындаушылардың өнеріне куә болады.

Олардың қатарында: Nazima, Кенжебек Жанәбілов (МузАрт), Тамара Асар, Mans&Koba, Mona Songs, ALPHA, AYREE, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Еркеш Хасен, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай, Севда Әлиева, Алтыншаш Мұқатаева, Кенжебек Нұрдолдай, «Қарақат» мектеп-студиясы, «СЕНСИТИВ» сахналық өнерден әлем чемпионатының Гран-при иегерлері.

Кештің хедлайнері – Димаш Құдайберген.

Фестиваль билеттерін мына сілтеме бойынша сатып алуға болады: https://kino.kz/concert/event/1341?ysclid=lbacivnapc314473617