Басты бет Dears Димаштың дауысы Ригадан естіліп тұр

Димаштың дауысы Ригадан естіліп тұр

7 наурыз күні сағат 19: 00-де Латвия астанасында Димаш Құдайбергеннің концерті басталды. Жанкүйерлер әншіні зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Ригадан dimashnews.com тілшісі.

Бүгін әншінің әлемнің 30-дан астам елінен келген жанкүйерлері аты аңызға айналған «Рига-Арена» стадионында бас қосты.

Спорт сарайында ине шаншар орын жоқ. Залдағы атмосфера таңдай қақтырады, ондағы көрерменнің барлығы көтеріңкі көңіл-күйде. Мұны олардың жүздеріндегі қуаныштан байқауға болады.

Әртүрлі елдерден жиылған жанкүйерлердің тілектері бір арнада тоғысып, керемет күй кешуде. Олар бір үлкен отбасы сияқты, сүйікті әншілеріне шынайы ықыластарымен құрмет білдіруде.

Көпшіліктің қолында жалаулар желбірейді, Димашты қолдайтын ұрандар жазылған плакаттар бар. Олар маңдайына «DEARS» деген жазуы бар баскиімдер киіп, жүрек түріндегі үлкен ашықхаттар ұстап алған.

Оқырман назарына Димаштың ARNAU әлемдік гастролі аясындағы жетінші концерті қалай басталып, қалай өтіп жатқандығын көрсететін бірнеше фотосуретті ұсынады.