Басты бет Dimash World Димаш Олимпиада ойындары басталар алдында қазақстандық спортшыларға үндеу жазды

Димаш Олимпиада ойындары басталар алдында қазақстандық спортшыларға үндеу жазды

4 ақпанда Бейжіңде 2022 қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан құрамасы ашылу салтанатына қатысып, «Qazaqstan» деген жазуы бар шарфтарды синхронды шешу түрінде шағын көрсетілім жасады.

Димаш Құдайберген Qazaqstan.tv арнасында Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының спортшыларына жүгінді:

«Қазақстан құрамасы қысқы олимпиадаға қатысып, күш сынасады. Біз, қазақстандықтар, сіздерге үлкен сенім артамыз және қолдаймыз. Көпжылдық еңбектеріңіздің нәтижесін осы сайыста көрсетулеріңізді тілеймін. Жұлдыздарыңыз жарқырай берсін, ал біздің көк туымыз аспанда мақтанышпен желбіресін. Алға, Қазақстан!»

Бұған дейін Димаш алдағы олимпиадаға арнайы түсірілген клиптің жазбасына қатысты.

Клиптің түсірілімі кезінде түсірілген шағын сұхбатында Димаш музыкаға ең жақын спорт түрі – Мәнерлеп сырғанау екенін айтты, өйткені онда өнер көрсетуші өзінің әртістігін көрсетуі, музыкаға қаншалықты жақын екенін көрсетуі тиіс.