Басты бет Dimash World «S.O.S» алғаш рет итальяндық радиода

«S.O.S» алғаш рет итальяндық радиода

3 ақпанда Италияның танымал Pico радиостанциясында Димаш Құдайбергеннің орындауында аты аңызға айналған «S.O. S» композициясы шырқалды. Радио жүргізушісі қазақстандық әртістің шығармашылығымен қалай танысқанын айтып берді.

Итальяндық Pico радиосы 1976 жылы эфирге шықты. Бүгінгі таңда радиостанция Италияның солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша ағынды және Қолданба арқылы тыңдауға болады.

Күн сайын радионы орташа есеппен 120 мың адам тыңдайды.

2022 жылдың 3 ақпанында радиостанция эфирінде Димаш Құдайбергеннің орындауында «S.O. S» әні шырқалды. Радио жүргізушісі Питер Борги алғаш рет әйгілі «Италияда таланттар бар» («Italia’ s Got Talent») тележобасында қатысушы Антонио Вагликаның орындауында композицияны естігенін айтты.

Бағдарламада он сегіз жасар Антонио Димаштың нұсқасын таңдағанын атап өтті, өйткені ол оған үміт ұялатып, күш береді. Өзінің тамаша орындауы үшін вокалист алтын түйме алды – ол деген финалға автоматты түрде шығу.

Радио жүргізушісі Питер Борги Димаштың есімі қызығушылық танытқандықтан ол бірден әртіс туралы ақпарат іздеуген. Питер қазақстандық орындаушының вокалдық шеберлігінен үлкен әсер алғанын айтты.

«Радиода мен PicoFriends деп аталатын бағдарламаны жүргіземін, әрдайым тыңдаушыларымыздың музыкалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысамын. Бірнеше күн өткен соң, «Италияда таланттар бар» бағдарламасынан кейін, көптеген хабарламалардың ішінен Димаштың орындауындағы «S. O. S» – ді қосу туралы өтінішті көрдім. Келесі күні ән біздің эфирде шырқалды», – деді Питер Борги.