ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Dimash World Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды

Сүйінші! Димаш «Открытие года» номинациясымен марапатталды! Қазақстандық эстрада жұлдызы, әлем халықтарының сүйікті әншісіне айналған Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығының «Открытие года» номинациясын ұтып алды, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Ал мұны Ресей Федерациясының ұлттық музыканы қолдау қорының сарапшылары анықтап, тағайындайды. Бұл номинацияны 2015 жылы Юлианна Караулова мен Егор Крид иеленген болса, 2016 жылы Ростислов Мудрицкий алған. Бүгін Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында сыйлық жеңімпаздарының есімдері жазылған арнайы конверттер салтанатты жағдайда ашылды. Олардың қатарында қазақстандық эстрада жұлдызы, әлем халықтарының сүйікті әншісі Димаш Құдайберген де бар. Айта кетейік, әр жылдың соңында «Виктория» сыйлығы аясында үздік музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер және ірі медиа холдингтердің басшылары таңдалады.

Соңғы жаңалықтар

«Армандар орындалады»: Димаштың концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы концертінде көрермендер арасында жас қазақстандық әнші Жанель Али болды. Ол — Димаштың үлкен жанкүйері және Испаниядағы...

“Біз өмірді таңдаймыз”: Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы тыңдармандары әншінің концертінде ерекше акция өткізді

8 қараша күні Димаш Құдайберген Испанияда алғаш рет жеке концертін берді. Әншінің жанкүйерлері бұл кешке алдын ала дайындалып, Димаштың...

Димаштың жанкүйерлері Барселонада дәстүрлі Dears кешін өткізді

7 қараша күні, Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы жеке концерті қарсаңында, 50 елден келген 700-ге жуық жанкүйер Барселонада бас қосты....

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы алғашқы концерті Олимпиада стадионында өтеді

8 қарашада қазақстандық әртіс алғаш рет Olimpic Arena Badalona стадионында өнер көрсетеді – Димаш Құдайберген Испаниядағы алғашқы жеке концертін...

Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері балалар онкологиясын зерттеу ісіне 4000 еуро аударды

4 қараша күні Испаниядағы Димаштың фан-клубы қазақстандық әншіге деген құрмет белгісі ретінде игі іс жасады. Олар Димаш Құдайбергеннің атынан...