Басты бет Dimash World Димаш Құдайберген Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрімен кездесті

Димаш Құдайберген Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрімен кездесті

Димаш Құдайберген әкесі, «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаевпен бірге Өзбекстан Республикасының Мәдениет және туризм министрі Озодбек Назарбековпен кездесті.

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен кездесуде достық қарым-қатынас пен мәдени құндылықтармен алмасудың маңыздылығы, сондай-ақ бірлескен шығармашылық жобалардың болашақ жоспарлары талқыланды.

Ташкенттегі іс-сапар кезінде қазақстандық әртіс Әлішер Науаи атындағы қолданбалы өнер мұражайы мен опера және балет театры сияқты көрікті жерлерге барды.