Басты бет Dears Димаш жанкүйерлерінің дәстүрлі кездесуі Куала-Лумпурда өтті

Димаш жанкүйерлерінің дәстүрлі кездесуі Куала-Лумпурда өтті

Малайзиялық жанкүйерлер қазақстандық орындаушының жеке концерті қарсаңында дәстүрлі preparty-де әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears-ті қарсы алды. Іс-шараға әлемнің 20 елінен 200-ден астам жанкүйерлер жиналды.

Dimash Malaysian Dears фан-Клубы ұйымдастырған жылы кездесу малайзиялық «Laras Dari Rasian» тобының жарқын қойылымынан басталды, олар Димаштың «Golden» әнін әсерлі орындауымен көрермендерді қуаттандырды.

Сәлемдесуден кейін барлық Dears Құрмет белгісі ретінде Димаштың атасын, сондай-ақ, Абай облысында өртте қаза тапқандардың барлығын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Әрі қарай, іс-шараның негізгі бағдарламасы басталды, ол таңғажайып малай мәдениетінің барлық аспектілерін толық көрсетті. Pre-party-де Dears Малайзияның ұлттық тағамдарынан дәм татып, кәсіби малайзиялық бишілер орындаған дәстүрлі «Рампайан» биін тамашалады.

Қонақтарға дәстүрлі батик-саронг матасын қалай дұрыс кию керектігі көрсетілді, содан кейін шағын байқау ұйымдастырылды. Оны жергілікті тұрғындар сияқты кие алған Dears сыйлықтарға ие болды.

Ұйымдастырушылар ғана емес, қонақтар да осы іс-шараға бірнеше тосынсыйлар дайындады. Испаниядан келген Димаштың жанкүйерлерінің бірі қазақстандық орындаушының «Jalyn» әніне би биледі. Вьетнамдық Димаш фан-клубының мүшелері Вьетнам тіліндегі «Махаббат бер маған» әніне әдемі қойылымымен барлығын таң қалдырды. Ресейден келген Димаштың жанкүйері «If I never breathe again» әнін орындады.

Іс-шара бағдарламасы шынымен де жанды, соңына дейін көңілді және жылы атмосферада өтті.

Кездесу үлкен топтық фотосессиямен аяқталды. Әр қонаққа сыйлықтар берілді: батик-саронг матасы, белгіше және Димаштың фотосуреттері бар ашық хаттар.

«Біздің фан-клуб іс-шараға келген және оны шынымен ұмытылмас еткен барлық Dears-қа шын жүректен алғыс айтады. Димаштың концерті алдында сізді Малайзияда қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе болды! Махаббат пен бірліктің шекарасын кеңейтуге үлесімізді қосайық. «Келесі кездескенше»,-деп бөлісті Dimash Malaysian Dears фан-клубының жетекшісі Азва Йонг.