Басты бет Dimash World Димаш Құдайбергеннің Краснодардағы концерті толық аншлагпен өтті

Димаш Құдайбергеннің Краснодардағы концерті толық аншлагпен өтті

Img 8272

Бас-аяғы 7500 көрерменге арналған Баскет-холл залы лық толды.

Димаш өзінің тобымен бірге жаңартылған «Арнау» бағдарламасы аясында өнер көрсетті. Бағдарламаға жаңа нөмірлер қосылумен бірге, декорациялары жетілдіріліп, техникалық бөлімі жаңартылды.

Әнсүйер қауым бұл өзгерістерді байқап қана қоймай, кештің ең жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Димаштың өнерін сүйіп тыңдайтын жұрт оның әрбір сөзін жылы қабылдап, ыстық лебіздерін білдіріп жатты.

Ол қалыптасқан дәстүр бойынша сахнадан төмен түсіп, жұртпен бірге туындыларын орындады.

Димаштың өнерін жоғары бағалайтын жандардың арасында жасы да, үлкені де, әртүрлі ұлт өкілдері де бар. Міне, бұл өнердің бәрін бір арнаға тоғыстыратынының дәлелі болса керек.

Ерекше атап өтерлігі, Димаш кеш барысында жанкүйерімен бірге дуэт орындап, тыңдарманының арманын орындады.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген Ресейдің Краснодар қаласында концертін өткізіп, Еуропадағы турын бастады. Бұл тур ары қарай Ресейдің Мәскеу, Латвияның Рига, Чехияның Прага және әлемнің өзге де қалаларында кезегімен жалғасады.