Басты бет Dimash World Краснодарда Димаштың даусы шарықтады

Краснодарда Димаштың даусы шарықтады

Концерт басталды.

www.dimashnews.com
www.dimashnews.com

Билеттер концерт басталмас бұрын сатылып кетті. 7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толы.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын қадірлеушілер Баскет Холлға концерттің басталар уақытынан әлдеқайда ерте жиналды.

www.dimashnews.com
www.dimashnews.com

Олардың арасында сүйікті әншісінің тірі дауысына құлақ құрышын қандыруға Ресейдің басқа аймақтарынан келгендер аз емес.

www.dimashnews.com

Фойеде қазақстандық әншінің талантын қадірлеушілер фан-аймақта суретке түсіп, оның фотосуреті бар плакаттарды сатып алып жатты.

Бұл жолы Димаш көрермендерге «Арнау» бағдарламасын жаңа нөмірлермен жаңартып ұсынуда.

www.dimashnews.com
www.dimashnews.com
www.dimashnews.com

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Краснодарда Димаш Құдайбергеннің концерті өтуде. Бұл әншінің үлкен еуропалық турындағы бастапқы нүкте, тур аясында әртіс өзінің «Арнау» бағдарламасымен Мәскеуде, Ригада, Прагада және басқа да еуропалық қалаларда өнер көрсетпек.