Басты бет Dimash World Димаш сөзін Лара Фабиан жазған жаңа әнді орындады

Димаш сөзін Лара Фабиан жазған жаңа әнді орындады

8 наурыз күні әйгілі ресейлік дизайнер Валентин Юдашкиннің шоуында Димаш Құдайбергеннің «Your Love» атты жаңа әнінің премьерасы болды. Музыканы композитор және продюсер Игорь Крутой жазған, ал сөзі – әлемге әйгілі әнші Лара Фабиандікі.

Атақты Валентин Юдашкиннің бұл шоуы жыл сайын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылады. Өйткені, ресейлік дизайнер бүкіл өмірін әйелдерге арналған әдемі көйлектер тігуге арнауда.

Осы жылы Валентин Юдашкин өзінің шоуында 2020 жылғы көктем мен жаз айларының жаңа нұсқасын ұсынды. Сән көрмесіне кәсіби модельдермен қатар, эстрада жұлдыздары қатысып, коучинг киімінде өнер көрсетті.

Шоуда ресейлік жұлдыздармен бірге Димаш Құдайберген мен Игорь Крутойдың да сүйікті тандемі орындалды. Олар сөзін Лара Фабиан жазған ағылшын тіліндегі «Your Love» әнін ұсынды. Әнші Димаштың талантын жоғары бағалайды. Ол жаңа әншіге арнап өлең жазып, Игорь Крутойды оған музыка жазуға шақырды.