Басты бет Dears Димаштың жанкүйерлері Қызыл алаңды думанға бөлеп жүр

Димаштың жанкүйерлері Қызыл алаңды думанға бөлеп жүр

Мәскеудегі көптен күткен Димаштың концертіне бірнеше сағат қалды, ол АRNAU TOUR әлемдік туры аясындағы ең үздік кешін өткізуге уәде берді.
Әншінің шығармашылығының жанкүйерлері бұл музыкалық басқосуды асыға күтуде, сонымен бірге тамаша көңіл-күйде.

DimashNews тілшісі Қызыл алаңға шығып, әншінің серуендеп жүрген жанкүйерлерімен кездесті. Диарстар керемет атмосферамен көшелерді думанға бөлеп жүр: Димаштың әндері барлық тұстан естіледі, олар бірге ән салғанды ​​ұнатады.

Мұнда ресейлік фанаттардан бөлек, Қырғызстан, Латвия, Франция, Германия және басқа да елдерден келген көрермендер бар. Олардың жүздерінен бақыттың табын, қуаныштың лебін байқауға болады. Ал қолында әдемі түрлі-түсті плакаттар, жалаушалар мен баннерлер бар.

Димаштың жанкүйерлері өте креативті. Бұған олардың DQ логотипі бар футболкалар, әнші секілді әдемі шарфтар мен өздері жасаған сөмкелері дәлел бола алады.

Жалпы, алаңдағы атмосфера көрермендердің алдағы концерттен үлкен үміт күтетіндігін көрсетеді.