ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Virtuosos жобасында. Бірінші күн. Жаңа таныстар мен ескі...

Димаш Virtuosos жобасында. Бірінші күн. Жаңа таныстар мен ескі достардың кездесулері

Dimash World Димаш Virtuosos жобасында. Бірінші күн. Жаңа таныстар мен ескі достардың кездесулері

Димаш Virtuosos жобасында. Бірінші күн. Жаңа таныстар мен ескі достардың кездесулері

Virtuosos жобасының алғашқы түсірілім күні ескі достар мен жаңа таныстардың кездесуінен басталды. Қазылар алқасының көптеген мүшелері бұл шоуда бірнеше жыл қатарынан қазылар алқасының мүшесі болса, кейбіреулері жобаға алғаш рет келіп жатыр.

Димаш әнші, композитор және продюсер кіші Пласидо Домингомен тағы кездесті. Қысқаша таныстырылымдық бейнероликте музыканттар бір-бірін таныстырды. Димаш: «Алдымен сіздерді әлемнің ең ұлы композиторларының, ең дарынды музыканттарының бірі – Маэстро Доминго Джуниормен таныстыруға рұқсат етіңіздер», – деді. Доминго мырза: «Димаш, тамаша таныстырылым үшін саған көп рақмет! Сіздерге бес немесе алты, мен қазір өзім шатасамын, октавадан асатын диапазоны бар әлемдегі ең ғажайып дауыстардың бірімен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Мен осында, қазылар алқасының құрамында бірге жұмыс істегейтініме өте қуаныштымын. Өткен жылы біз уақытты керемет өткізген болатынбыз».

Димаш Еуропа мен Азияда ерекше өнерімен танымал болған Қытайдан келген дарынды сопрано Иньуо Вангпен танысты. Қазақстандық музыкант Қытайда бірнеше рет өнер көрсеткендіктен, әртістер үшін ортақ тақырып бірден табыла кетті.


Тағы бір жаңа танысу Димаштың Токиода тұратын қазіргі үрмелі аспаптардың ең көрнекті солистерінің бірі венгр кларнетист Иштван Коханмен кездесуі болды. Музыканттар өздері тұратын және жұмыс істейтін қалалар мен елдер туралы талқылады.

Бірінші күні шоудың бірінші жартылай финалының түсірілімі өтті. Түсірілім бүгінгі таңдағы Венгрияның ең үлкен студиясында өтті. Сахна жас таланттарға арналған классикалық түстер мен ашық бояулар арқылы үйлесімділігін тапқан жаңашылдығымен ерекшеленеді.

Түсірілім басталар алдында мерейтойлық маусымның режиссері әрі атқарушы продюсері Имре Сабо-Штайн әр жартылай финалға 10 қойылым – әр елден екі қатысушы жоспарланғанын еске салды.

Имре мырза соңғы онжылдықта әлемге әйгілі жобаларды, соның ішінде Барток атындағы дүниежүзілік байқау-фестивалін, Эва Мартон атындағы халықаралық опера байқауын басқарып, сондай-ақ, осы мерейтой финалында өнер көрсететін оркестр яғни әлемге әйгілі Будапешт Concerto симфониялық оркестрінің халықаралық медиа стратегиясымен де жұмыс істеген болатын.

Режиссер Димашпен жас сайыскерлерді бағалаудың қыр-сырымен бөлісті. Қойылым ойдағыдай шықпай қалғанның өзінде, қазылар алқасының жас музыкантты қолдап, оған дем беру керектігі өте маңызды екенін баса айтты.

Түсірілім басталар алдында Димаш жобаның негізін қалаушы әрі продюсер Марианна Пеллерге ұлы Пласидо Домингомен бір сахнада ән айту арманының орындалуына себепкер болғаны үшін алғысын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Қараторғай мен Феникс – Димаш Құдаберген мен Гун Линның орындауындағы мәдениеттердің бірігуі

15 ақпанда қытайлық BRTV телеарнасында Димаш Құдайберген мен қытайлық әнші Гун Линнің қатысуымен «最美中轴线 Singing for the Central Axis...

Димаш Құдайберген алғаш рет Қытайдағы «Шамдар фестивалінде» Джеки Чан фильміне саундтрек орындады

12 ақпанда, ай күнтізбесі бойынша бірінші айдың 15-ші күні Шанхайда Қытайдың жаңа жылынан кейінгі Lantern Festival" / "Шамдар фестивалі"...

Испания және БАӘ – шетелдік басылымдарда Димаш Құдайберген туралы жаңа мақалалар жарияланды

Шығармашылық жолын туған жерінде бастап, өз таланты арқылы елінің мәдениетін Қазақстаннан жырақ жерлерге танытқан қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайбергеннің есімі...

Димаштың жанкүйерлері Dears-тың 8 жылдығына орай қазақ тілінде ән шырқады

Димаш Құдайбергеннің DiVoices хорына біріккен поляк фан-клубының жанкүйерлері Dears фандомының сегіз жылдығына орай әсерлі тосын сый дайындады. Осы атаулы...

Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген – Будапешттегі үйлесімді керемет квартет

Есімдері әлемге танылған Пласидо Доминго, Хосе Каррерас, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген сынды музыкантар "Virtuosos" жобасы аясында бүгінгі таңда...