ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың әндері Болгарияның ұлттық радиосында шырқалды

Димаштың әндері Болгарияның ұлттық радиосында шырқалды

Dears Димаштың әндері Болгарияның ұлттық радиосында шырқалды

Димаштың әндері Болгарияның ұлттық радиосында шырқалды

Өткен жұмада болгар ұлттық радиосында (БҰР) Димаш Құдайбергенге арналған бағдарлама жарық көрді. Оның эфирінде қазақстандық орындаушының «Your Love» және «Аманат» атты екі әні шырқалды.

17 сәуірде болгар ұлттық радиосының эфирінде алғаш рет Димаш Құдайбергенге арналған «Түнгі көкжиек» бағдарламасы жарық көрді. Эфирдің басты тақырыптарының бірі «Қазақстандық әншіні тыңдау үшін неге болгарлар мыңдаған шақырымдарға ұшады?»

Журналист Станислав Пирчевтің сұрақтарына «Dimash Kudaibergen Fan Club Bulgaria» фан-клубының мүшелері жауап берді. Радиожүргізушіні Димаштың өмірлік философиясы мен адами құндылықтары қызықтырды.

Фан-клубтың негізін қалаушы, доктор Ралица Димитрова:

«Димаш – ерекше вокалдық диапазоны мен ерекше мінезі бар бірегей музыкант. Өзінің музыкасы арқылы ол жан тебірентерлік оқиғаларды жеткізеді. Әннің сөзін түсінбесеңіз де, сіз әншінің эмоцияларының арқасында әнде не айтылып жатқанын сезіне аласыз».

Эфир барысында Ралица Қазақстан мен Болгарияның тарихы, дәстүрлері мен мәдениетіндегі ортақ тұстарын, сондай-ақ қазақ домбырасы мен болгар тамбурасының ұқсастығын атап өтті.

Ол 2018 жылы болгарлық фан-клуб Димашқа қолдан жасалған тамбурды сыйға тартқанын айтты. Аспапты ең танымал болгарлық лютьер (ішекті музыкалық аспаптардың шебері) Светлин Митев жасаған, оның атасы «Филип Кутев» ұлттық фольклорлық ансамбліне арналған аспаптарды жасаған шебер болған.

Ралица қазақ халқының қонақжайлылығына, Димаштың патриотизміне және оның отбасына деген керемет сүйіспеншілігіне ерекше назар аударды.

Бағдарлама жүргізушілері Димаштың қатарынан алтыншы аптада «MTV’ s Friday Livestream» апталық чартының көш басында тұрғанын, сондай-ақ болгар фан-клубының қызметіне қызығушылық танытқанын атап өтті.

Екінші әкімші Петя Иванов олардың фан-клубы Димашқа байланысты ай сайын іс-шаралар өткізіп тұратынын айтты. Мәселен, осы аптада Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі мен Сыртқы істер министрлігі жанындағы мемлекеттік мәдениет институты ұйымдастырған Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме аяқталды. Қазақстанның Болгариядағы елшілігі болгарлық Dears-ті іс-шараға қатысуға шақырды.

Ресми қонақтар арасында Сербия Елшісі Желко Йович, Палестина елшісі Ахмед Аль Мадбух, Ресей Федерациясы елшілігінің екінші хатшысы Максим Петров, Беларусь Елшілігінің кеңесшісі Николай Поздняк, Болгар телеграф агенттігінің бас директоры Кирилл Валчев және Софиядағы Мәскеу үйінің директоры Борис Громов іс-шараның арнайы қонақтары болды.

Қазақстан елшісі Теміртай Ізбастин Димаштың болгарлық фан-клубына қонақтарға өзінің сүйікті орындаушысы туралы айтып беруге мүмкіндік берді. Dears өз сөзінде Димаштың арқасында Қазақстанның мәдениеті және тарихымен танысқанын және екі елдің тамаша қарым-қатынаста болғанын мақтан тұтатынын атап өтті.

«Біздің фан-клубымыз – Димаштың бүкіл әлем бойынша 120-дан астам фан-клубтарының ішіндегі ең белсенділерінің бірі. Біздің үлкен Dears фандомында жылы, достық атмосфера бар, тілдік кедергілер мен шекаралар жоқ. Жанкүйерлер бір-бірімен тез достасып кетеді және ортақ мақсат үшін жиналады. Көптеген фан-клубтар Димаштың қайырымдылықпен жиі айналысатынын үлгі ете отыра олар да қайырымдылық акцияларын ұйымдастыра бастады», – деп бөлісті бағдарламада Петя Иванов.

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...