Басты бет Dears Димаштың «Omir» композициясы алғаш рет Жапония радиосында шырқалады

Димаштың «Omir» композициясы алғаш рет Жапония радиосында шырқалады

1 маусымда жапондық «Kiryu FM» радиостанциясының эфирінде алғаш рет Димаш Құдайбергеннің «Omir» жаңа композициясы шырқалады.

«More Music» бағдарламасының «World Music Scene» айдары жапондық тыңдаушыға қазақстандық орындаушылардың шығармашылығын кезекті рет ұсынады. Эфирде Ерке Есмаханның «Батыр Мәншүк», HammAli & Navai, Jah Khalib «Боже, как завидую» және Димаш Құдайбергеннің «Omir» әндері шырқалады.

Като Казуджи бағдарламасының жүргізушісі қазақстандық орындаушының жаңа композициясын тыңдап:

«Осы әнді тыңдау кезінде мен Димаштың алға және биікке деген ұмтылысы мен ерік-жігерін сездім. «Omir» бір рет тыңдағаннан кейін, сіз оны қайта-қайта тыңдағыңыз келеді!»,- деп бөлісті

Эфир уақыты 1 маусым:

Токио уақыты бойынша 19:06-дан 19:59-ға дейін
Астана уақыты бойынша 16:06-дан 16:59-ға дейін

Қайта трансляция уақыты 2 маусым:

Токио уақыты бойынша 11:06-дан 11:59-ға дейін
Астана уақыты бойынша сағат 8:06-дан 8:59-ға дейін

«More Music» бағдарламасын fmplapla.com/fmkiryu/  сілтемесі бойынша онлайн тыңдауға болады, немесе қолданбаны AppStore және GooglePlay арқылы жүктеп алуға болады.