Басты бет Dears Димаштың «Omir» композициясын қолдауға арналған бейнеролик Таймс-Скверде көрсетілуде

Димаштың «Omir» композициясын қолдауға арналған бейнеролик Таймс-Скверде көрсетілуде

3 маусымда Нью-Йорктегі ең үлкен және әйгілі LED экрандарының бірі Таймс-скверде Димаш Құдайбергеннің «Omir» жаңа музыкалық бейнебаянын және оның алдағы Малайзиядағы жеке концертіне қолдау ретінде бейнеролик іске қосылды.

Үш бейнероликтің көрсетілімін қазақстандық әртіс Dimash Official Fanclub ресми фан-клубы ұйымдастырды.

Бір күн ішінде олар әр 20 минут сайын LED экранында көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы алғашқы жеке концерті 24 маусымда өтеді.

Билеттер https://www.ticket2u.com.my/event/29520/dimash-qudaibergen-live-in-malaysia-2023 сайтында қол жетімді.