Басты бет Dears Димаштың әндері Чили радиосында бір ай бойы таратылады

Димаштың әндері Чили радиосында бір ай бойы таратылады

Күн сайын маусым бойы танымал Чили MIX TV радиосының эфирінде Димаш Құдайбергеннің композициялары таратылады.

Чили радиостанциясында қазақстандық әртіске арналған алғашқы эфир өткен жұмада, 2 маусымда өтті. Бұл Dimash Latin Dears фан-клубының Димаш жанкүйерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Енді маусым айында орындаушының композициялары күн сайын таңғы 7-ден 10-ға дейін эфирге шығады.

«Біз Димаштың әндері Чили радиосында ұзақ уақыт бойы шырқалатынына өте қуаныштымыз! Сонымен қатар, Димашқа арналған бағдарламада тек әндер ғана емес, Dears-тің құттықтаулары мен әртістің шығармашылық өмірбаяны баяндалады!»,- деп бөлісті Dimash Latin Dears.