Басты бет Dimash World Димаштың «S.O.S» әні The Voice Chile жобасында орындалды

Димаштың «S.O.S» әні The Voice Chile жобасында орындалды

6 маусымда The Voice Chile вокалдық шоуында кубалық әнші Зойлин Ибарра Димаш Құдайбергеннің «SOS d’un terrien détresse» әнін испан тілінде орындады.

 

Зойлин Ибарра Родригес – таланттар шоуының жаңа шығарылымын соқыр тыңдау кезінде «Чили дауысы» қазылар алқасын таңқалдырған Кубалық опера әншісі.

Әнші таңғажайып вокалмен Джузеппе Вердидің аты аңызға айналған «Травиата» операсынан «Libiamo ne’ lieti calici» орындап, қазылар алқасының мүшелерін өзіне қаратты.

6 маусымда Зойлин ширек финалға шығып, Димаштың орындауындағы «SOS d’un terrien détresse» композициясын ұсынды.

Зойлин неге осы әнді таңдады деген сұраққа әнші былай деп жауап берді:

«Димаш – үлкен вокалдық диапазонына байланысты әлемдегі ең таңғажайып әншілердің бірі. Әдетте әндерде екі-үш октава болады, бірақ бұл композицияда оның бес октавалық ноталары бар. Бұл Мен үшін үлкен сынақ болды».

Қазылар алқасы Димаштың орындауындағы осы композицияны орындаудың күрделілігін атап өтті, сонымен қатар Чилиде оның шығармашылығының жанкүйерлері өте көп екенін айтты.