Басты бет Dears Димаштың «Together» бейнебаяны Перуде 22 LED-экранда көрсетілді

Димаштың «Together» бейнебаяны Перуде 22 LED-экранда көрсетілді

23 сәуірде Перу астанасы Лиманың екі ірі сауда орталығында Димаш Құдайбергеннің «Together» жаңа музыкалық бейнебаянын көрсететін жарнамалық экрандар іске қосылды.

Жоба 2023 жылдың ақпан айында қазақстандық орындаушы DQPeruWorld және Dimash FC Peru Dears екі Перу фан-клубтарының бірлескен күш-жігерімен, сондай-ақ DQ Dear және Dimash Qudaibergen Serbia шетелдік фан-клубтарының ынтымақтастығымен жүзеге асырылды.

Фан-клубтар бірге елдің ең ірі және ең көп баратын екі Mega Plaza & Jockey Plaza сауда орталықтарында 22 жарнамалық экранда «Together» бейнебаянының көрсетілімін дайындады.

Мұндай экрандардағы жарнама барлық келушілердің Димаштың өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жарнамада әртістің ресми YouTube арнасына апаратын QR код бар, ол әртістің шығармашылығын одан әрі насихаттауға өз ықпалын береді.

«Перудегі «Together» жобасы қарапайым жарнамалық науқаннан әлдеқайда ауқымды. Бұл Димаштың керемет талантын барлық перуліктермен бөлісу мүмкіндігі. Біздің жоба барлық перулік Dears жанкүйерлерін біріктіру және Димашқа Перуде оны жақсы көретінімізді және таңданатынымызды көрсету мақсатында үлкен махаббаттан туды»,-деп бөлісті фан-клуб әкімшілігі.