Басты бет Dimash World Димаш Құдайбергеннің концертінің арнайы қонағы диджей Burak Yeter болады

Димаш Құдайбергеннің концертінің арнайы қонағы диджей Burak Yeter болады

Әлемге әйгілі диджей Burak Yeter қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің Анталиядағы Akdeniz университетінің стадионында өтетін шоуында арнайы қонақ ретінде өнер көрсетеді. 

Көрермендер диджейдің жарты сағаттық қойылымын Димаштың Stranger шоуы басталар алдында тыңдайды.

Сондай-ақ, тосын сый ретінде Burak Yeter мен Димаш Құдайберген шоу барысында ұсынылатын бірлескен трек дайындауда.