Басты бет Dears Димаштың Ұлыбританиядағы жанкүйерлері «SOS Қазақстан балалар ауылдарына» музыкалық аспаптар сыйлады

Димаштың Ұлыбританиядағы жанкүйерлері «SOS Қазақстан балалар ауылдарына» музыкалық аспаптар сыйлады

2023 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігінде Димаш Құдайбергеннің Британдық жанкүйерлерімен кездесу өтті. «Dimash Qudaibergen UK and Worldwide FC» фан-клубының Dears кездесуінде музыкалық аспаптарды сатып алуға SOS Қазақстанның балалар ауылдарының қайырымдылық ұйымына 1 миллион теңге сомасына чек тапсырылды.

Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігі ұйымдастырған кездесу алдағы Халықаралық ана тілі күнін мерекелеуге арналды. Оған Димаштың Британдық жанкүйерлері мен Лондондағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Кездесуде «Dimash Qudaibergen UK and Worldwide FC» фан-клубының мүшелері SOS ұйымының өкілдеріне 1 млн.теңге сомасына чек табыс етті. Жиналған қаражат балалар ауылдарындағы дарынды балаларға арналған музыкалық аспаптарды сатып алуға, оларды кейіннен оқыту үшін, атап айтқанда, қазақтың дәстүрлі аспабы домбыраға жұмсалады.

Осы қайырымдылық акцияға жауап ретінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі М. Ілиясов пен SOS Қазақстанның балалар ауылдарының Ұлттық директоры Г. Асанова алғыс жолдауларымен сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Dears іс – шарасына жиналғандар әлемнің түрлі тілдерінде қазақ авторларының өлеңдерін оқуды ұйымдастырды, сонымен қатар танымал «Балапан» балалар телеарнасының жүргізушісі Miss Kaussar қазақ тілінің экспресс-сабағына қатысты.

Іс-шара соңында қатысушылар Димаштың қазақ тіліндегі «Махаббат бер маған» және «Ұмытылмас күн» әндерін орындады.