Басты бет Dears Димаштың Венгриялық жанкүйерлері онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмектесу үшін ақша аударды

Димаштың Венгриялық жанкүйерлері онкологиялық ауруға шалдыққан балаларға көмектесу үшін ақша аударды

Ақпан айында Венгриялық Dears Будапешттегі Сент-Ласло ауруханасында емделіп жатқан онкологиялық науқастарға көмектесу үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Қаражат жинау акциясы Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнінде (4 ақпан) басталып, Дүниежүзілік науқас күнінде (11 ақпан) аяқталды.

Dimash Dears Hungary фан-клубының мақсаты Demeter қайырымдылық қорына ақша жинау болды. Ол Будапешттегі Сент-Ласло ауруханасында Demeter House ұйымын басқарады.

Demeter House ата-аналарға операциядан кейін стерильді жағдайда үнемі медициналық бақылауда болуды қажет ететін балалардың жанында болу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жасалған.

Demeter House-та балаларды қалпына келтіру кезеңінде тұра алатындай отбасыларға арналған арнайы сыныптар мен бөлмелер бар. Бұл отбасылық бөлмелер кішкентай емделушілерге сауығу жолында үлкен моральдық қолдау көрсетеді. Мұндай бөлмелерді кез-келген адам қамқорлыққа ала алады.

Осылайша, Димаштың Венгрия фан-клубындағы Dears Demeter қайырымдылық қорына 400 000 Венгр форинтін (~1140 АҚШ доллары немесе ~515 000 теңге) сыйға тартты, бұл оларға Demeter House бөлмелерінің бірін 3 айға қамқорлыққа алуға мүмкіндік береді, барлық қажетті шығындарды жабады.

«Біз Димаш пен оның музыкасы Венгр жанкүйерлерін бір тату отбасына біріктіргеніне ризамыз және Біз қатерлі ісікпен күресетін сәбилерге, сондай – ақ осы батыл және күшті балалардың отбасыларына бірге көмектесе алдық», – деп бөлісті Dimash Dears Hungary мүшелері.