Басты бет Dimash World Димаштың «When I’ve Got You» әні алғаш рет АҚШ-тың радиосында орындалды

Димаштың «When I’ve Got You» әні алғаш рет АҚШ-тың радиосында орындалды

Сәуірдің 6-сы күні американдық Channel Radio R радиосында Димаш Құдайбергеннің «When I’ve Got You» әні алғаш рет шырқалды. Бұл шығарылым – радиоға өздерінің композицияны эфирден тыңдағысы келетін қалауларын үзіліссіз жіберіп отырған әншінің жанкүйерлерінің арқасында қойылды.

Негізінен, тыңдаушылар үшін әрдайым ерекшеленетін Channel Radio R радиосы апта сайын “аптаның ең үздік әнін” анықтау үшін сауалнама жүргізеді. Бұл жолы Dears-тың белсенді қолдауының арқасында радиоға Димаштың «When I’ve Got You» шығармасы қосылды.

Бұл Димаш Құдайбергеннің Channel Radio R арнасының ротациясына енген сегізінші шығармасы.

Еске салайық, бұған дейін, 2022 жылдың наурыз айында Димаштың «Fly Away» атты шығармасы ChannelRSongOfTheWeek чартында аптаның ең үздік әндерінің бірі болып таңдалып, жанкүйерлердің белсенді қатысуының арқасында «Fly Away» апта соңында бірінші орынға ие болған еді.