Басты бет Dimash World Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару жұмыстарын қолдайды.

Фан-клубтың тауарлары ерекшеленіп, тіпті Димаштың басқа ресми тауарларымен шатастыруға болмайтындай, бәсекеге түсе алмайтындай, фан-клубтың тауары екені бірден анық көрінетіндей жасалуы керек.

Осы мақсатта Димаш фан-клубтарына өздерінің тауарларын сатуға және осы арқылы Димаштың атын, логотипі мен үлгілерін келесі шарттарды сақтай отырып, пайдалануға рұқсат етеді.

ЕГЕР СІЗ:

  • Өзіңіздің дизайндарыңызға көңіліңіз толып шығармашылық жұмыс деп қарасаңыз;
  • Басқаларды өз клубыңызға қосылуға шақырсаңыз;
  • Ерекше оқиғаларды атап өтетін болсаңыз;
  • Сондай-ақ, Димаштың атын немесе DQ логотипін келесідей пайдаланатын болсаңыз ОНДА ТАУАРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ:
  • Латын әліпбиінде «Құдайберген» тегі «Q» әрпімен жазылады.
  • Димаштың аты жазылған кез-келген жерге фан-клубтың аты/логотипі қоса берілуі керек.
  • Клубтың атауы/логотипі Димаштың аты немесе логотипінен кем дегенде 50% үлкен болуы керек
  • Егер тауар өнімінде Димаштың аты/логотипі емес, тек сурет болса, фан-клубтың аты немесе логотипі кескін өлшемінің кемінде 20%-ын алуы керек.
  • Димаштың суретін келесідей пайдаланыңыз:
  • Димаш брендін және әрбір адамның интеллектуалды меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін фан-клуб тауарларында қолданылатын Димаштың суреттері тек қана DimashNews галереясынан алынуы керек.
  • Барлық суреттер талғаммен таңдалуы керек. Сондай-ақ, Димаштың бет-әлпетінен басқа дене ешбір мүшесі жеке түрде бөлек көрсетілмеуі керек.

РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:

  • DQ логотипінің қаріпі мен пропорцияларының өзгертілуіне;
  • Фан-клубтан басқа, Димаштың концерттерін немесе гастрольдерін жарнамалайтын тауарларды жасауға;
  • Димаштың ресми дүкеніндегі немесе ресми тауар өнімдерінің дизайнына еліктейтін суреттерді пайдалануға;
  • Димаштың әлеуметтік желілер мен басқа сайттарындағы немесе жеке коллекцияларындағы Димаштың суреттерін пайдалануға;
  • Үшінші тараптардың кез келген контент/интеллектуалдық меншігін, идеяларды, логотиптерді және/немесе кескіндерді, соның ішінде Димаштың немесе басқалардың интеллектуалды меншігін шектеусіз пайдалануға рұқсат етілмейді.